Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.
©  Далай-Лама
Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.
©  Далай-Лама
Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.
©  Далай-Лама
Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.
©  Далай-Лама
Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
©  Далай-Лама
Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.
©  Далай-Лама
Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.
©  Далай-Лама
Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.
©  Далай-Лама
Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.
©  Далай-Лама
Дұрыс бұзу үшін ережелерді жаттап алу керек.
©  Далай-Лама
Ұмытпаңыз, сіздің қалаған нәрсеңіз әрдайым қажет бола бермейді.
©  Далай-Лама
Мына үш ереженің соңынан мәңгі еріп жүріңіз: а) Өзіңді сыйла; ә) Өзгені сыйла; с) Өз істегенің үшін берілетін жауапкершіліктен қашпа.
©  Далай-Лама
Сіз жеңілген кезде, жинақталған тәжірибеден айырылып қалмайсыз.
©  Далай-Лама
Үлкен махаббат пен сәттіліктің үлкен тәуекелмен байланысты екенін назарыңыздан шығармаңыз.
©  Далай-Лама
Егер Құдай сені бақытты еткісі келсе, қиын жолдармен жүргізеді. Өйткені бақытқа оңай жолмен жету мүмкін емес.
©  Далай-Лама
Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ.
©  Далай-Лама
Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды…
©  Сәкен Сейфуллин
Әр істің бір сәні бар.
Әр қимылдың өзінше,
Ырғағы бар, әні бар.
©  Сәкен Сейфуллин
Адамның жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі.
©  Сәкен Сейфуллин
Қазақ елi жалқау ел. Заманнан кейiн қалған ел. Бiрақ сен жалқау екенсiң деп жүрiп бара жатқан заман тоқтап тұрмайды.
©  Сәкен Сейфуллин
Әке адамның ең жақсы iстеген жұмысы , балаларының шешесiн сыйлау.
©  Матай Сансызбайұлы
Мен демократияны халықтың билігі деп ойлайтын едім. Бірақ, Рузвелт мырза маған демократияның Америка халқының билігі екенін түсіндірді.
©  Иосиф Сталин
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді
©  Цицерон
Планетадағы әр адам өз ақылымен ойланып, өзгенің пікірінен тәуелсіз шешім шығара білуі керек.
©  Цицерон