Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Алаңға мен Қонаевты да, басқаны да қорғауға емес, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, ұрып жатыр деген соң бардым.
© Қайрат Рысқұлбеков
Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол..
© Қайрат Рысқұлбеков
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына..
© Қайрат Рысқұлбеков
Нарықтық экономикада барлық нәрсенің құны бар, бірақ ешқайсысының құндылығы жоқ.
© Жак-Ив Кусто
Қорқақтықтың белгiсi,
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.
© Дулат Бабатайұлы
Арықты да жар дейдi.
Кертартпаның белгiсi,
Кең дүниенi тар дейдi.
Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.
© Адольф Дистервег
Ерлік тек батырлық қылықтар үшін ғана емес, сонымен бірге өнімді іс-әрекеттер мен ой толғау үшін де қажет.
© Адольф Дистервег
Адам дүниеге тек қана келіп, әшейін ғана аттана бермейді. Ол артында ой қалдырады, ойдан мұра қалдырады.
© Баубек Бұлқышев
Біз дүние жүзі жастарының алдыңғы қатарындамыз... Біз жастар, тағдырымыз сендермен байланысты екенін білеміз.
© Баубек Бұлқышев
Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі..
© Баубек Бұлқышев