meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.
©  Мұхаммед Әли
Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.
©  Мұхаммед Әли
Қыстан жүдеп шыққан адамды әрлендіретін және қанша ішсе де тәбетін қайтармайтын қымыздың орнынан жүретін сусынды ойлап таба қою, сірә, қиын шығар.
©  Владимир Иванович Даль
Адамдар күресуден бас тартып, жеңіліске ұшырайды.
©  Генри Форд
Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.
©  Генри Форд
Адамдарды жұмыс iстеуге екі түрлі жолмен қызықтыруға болады: еңбекақы мен одан айырылып қалу қорқынышын туғызу.
©  Генри Форд
Жақсы көлік - жаңа көлік.
©  Генри Форд
Ынта болса, адамның қолынан келмейтіні жоқ...
©  Генри Форд
Alfa Romeo-ны көргенде мен әрдайым бас киімімді шешемiн.
©  Генри Форд
Сiз кез келген "Фордты" сатып ала аласыз, бірақ, оның түсі қара болады.
©  Генри Форд
Мен осыны қалаймын. Осы болады.
©  Генри Форд
Сәтсіздік – бәрін де ақылға салып жаңадан бастауға берілетін мүмкіндік.
©  Генри Форд
Әдетте егде жастағы кісілер жастарға ақша жинауға кеңес беріп жатады. Бұл нашар кеңес. Бес теңгеліктер жинамаңыздар. Мен 40 жасқа жеткенше өмірімде..
©  Генри Форд
Егер елу ең бай еврейлік отбасынан ақшаларын тартып алса, соғыстар мен революциялар тыйылар еді.
©  Генри Форд
Кедергілер — ол, мақсаттан көзіңіз тайғанда көрінетін заттар.
©  Генри Форд
Жақсы суретшілер көшіреді, ал ұлы суретшілер ұрлайды.
©  Пабло Пикассо
Махаббат – адамды қайта қалпына келтіруші сезім.
©  Пабло Пикассо
Жас суретшіні бірнеше адам ғана түсінеді. Ал ұлы суретшіні түсінетіндер одан аз.
©  Пабло Пикассо
Кім адамның жүзін дұрыс көре алады: фотограф, айна әлде суретші?
©  Пабло Пикассо
Егер шындық біреу болғанда, мен бір тақырып төңірегінде жүздеген сурет сала алмас едім.
©  Пабло Пикассо
Көркем өнер соқырлардың шұғылданатын жұмысы.
©  Пабло Пикассо
Егер көбелектің сұлулығын сезінгің келсе, оған қол тигізбе.
©  Пабло Пикассо
Адамдардың асыл нұсқасынан көшірмелері көп.
©  Пабло Пикассо
Елестете алғанның бәрі рас.
©  Пабло Пикассо
Сурет салу үшін көзіңді жұмып ән салу керек.
©  Пабло Пикассо