Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Бала тәрбиесінде әке мен шешенің мүмкіндігінше бірдей араласуы үшін, отбасы тәрбиесін жоғары дәрежеде дұрыс жолға қою қажет.
© Пётр Каптерев
Ғалымға азық берер қайнар көзі кітап бетімен, лаборатория аумағымен ғана шектелмейді, өмірді танумен, еңбек адамының жасампаз ісін танумен кең өрісін..
© Қаныш Сәтбаев
...біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
© Қаныш Сәтбаев
Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған, өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес.
© Қаныш Сәтбаев
Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер.
© Қаныш Сәтбаев
Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп..
© Қаныш Сәтбаев
Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін..
© Қаныш Сәтбаев
Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.
© Қаныш Сәтбаев
Неғұрлым аз жәбір көріп өскен бала өз намысын жақсы түсінген азамат болып өседі.
© Николай Чернышевский
Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.
© Николай Чернышевский
Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.
© Николай Чернышевский
Батыр — ол адамзат қоғамының мүддесі үшін, сын сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.
© Юлиус Фучик