meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Денсаулық— байлықтан қымбат.
©  Джон Рей
Саясат — жоқты бар ету өнері.
©  Отто фон Бисмарк
Саясат — нақтылы емес ғылым.
©  Отто фон Бисмарк
Қауқарсыз заңдар мен қарымды шенеуніктер арқылы елді басқару мүмкін болар-ау, алайда, қауқарсыз шенеуніктермен ешқандай заң да көмектесе алмайды
©  Отто фон Бисмарк
Революция данышпандардың ойлауымен, оның жүзеге асуы фанатиктермен, нәтижесін көретін арамзалар болмақ.
©  Отто фон Бисмарк
Мектепкетен үнемдегендер, түрме салуға мəжбүр болады.
©  Отто фон Бисмарк
Кедейдің еңбегі — байдың кені.
©  Джон Беллэрс
Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ ..
©  Ескелді би Жылгелдіұлы
Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл боп өтеді, бай әйел алған – өмір бойы құл болып өтеді.
©  Жанақ Сағындықұлы
Аттың сыны: ескек желіс, емен бел.
©  Жанақ Сағындықұлы
Арам табақтан адал ас өтпейді.
©  Жанақ Сағындықұлы
Адамның жан жолдасы - сүйген жары.
©  Жанақ Сағындықұлы
Бойыңызға болашақтың арман-мұраттарын дарытыңыз, оның өзі шын мәніндегі күн шұғыласы тәрізді.
©  Михаил Салтыков-Щедрин
...сылқитып ішіп алған адам сыр да сақтамайды, уәдесін де орындамайды.
©  Мигель де Сервантес
Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің үлкен нәрсеге, ергежейлілерді — алыптарға, жорамалды — шындыққа айналдырады.
©  Мигель де Сервантес
Барлық бәлекет қаһарман жүрекке соғылып тас-талқаны шығады.
©  Мигель де Сервантес
Бізге ештеңе де сыпайыгершіліктей соншалық арзанға түсіп, қымбат бағаланбайды.
©  Мигель де Сервантес
Өзін өзі мақтау адамды кемітеді.
©  Мигель де Сервантес
Тарих - біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы.
©  Мигель де Сервантес
Берген — үндемесін, алған — айтсын.
©  Мигель де Сервантес
Егер ауру оны қабылдауға ықылассыз болса, ең жақсы дәрi де оған көмектесе алмайды.
©  Мигель де Сервантес
Байлықтың мәнi байлықты иеленуде емес, оны ұтымды пайдалана бiлуде.
©  Мигель де Сервантес
Қызмет, лауазым адамгершiлiктi жиi өзгертедi.
©  Мигель де Сервантес
Адам тек адамдар арасында ғана адам бола алады
©  Иоганнес Бехер