Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Адамды тану үшін өзіңді зерттеу жеткілікті, адамдарды тану үшін олармен араласу керек.
© Стендаль Фредерик
Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің.
© Скотт Ридли
Мен адамдардығы әзіл-қалжыңды бағалаймын, себебі бұл біздің барлық әділетсіздік пен оңбағандыққа қарсы жалғыз қаруымыз.
© Пьер Ришар
...еңбек тәрбиесіне баса назар аудару керек. Еңбекке тәрбиелемей тұрып, балаға дұрыс тәрбие бердім, — деп айту екі талай.
© Спандияр Көбеев
Жақсы адамдардың жүрегінде жақсы, жаман адамдардың жүрегінде жаман ойлар жүреді.
© Ибн Хиббан
Біз мультфильмдерді ақша табу үшін жасамаймыз, біз мультфильм жасау үшін ақша табамыз
© Уолт Дисней
Жоспар жасай беруге немесе әлемдегі ең ғажайып жерді түзуге болады. Бірақ арманды ақиқатқа айналдыру үшін адам қажет.
© Уолт Дисней