meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Мен Қытайды жек көреді дегенді кім шығарып жүр? Бұрын бір қытайға 15 миллионға үй сатқан едім. Осыдан кейін оның елін қалай жек көре аламын?
©  Дональд Трамп
Көпшілік маған ойынқұмар адам сияқтысың дейді, бірақ мен өмірі құмар ойынына жолап көрмегенмін. Ойынқұмар казинода ойын автоматтарының қасынан..
©  Дональд Трамп
Кейде ең жақсы инвестиция — сен салмаған инвестиция.
©  Дональд Трамп
Мен жолы болмайтындарды жек көремін.
©  Дональд Трамп
Ең қарапайым тәсілдер нағыз тиімдісі болып шығады.
©  Дональд Трамп
Ойланатын қабілетіңіз барда ауқымды ойланып алыңыз.
©  Дональд Трамп
Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.
©  Дональд Трамп
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
©  Абыл Тілеуұлы
Бұл заман байқағанға күштінікі,
Азулы, тырнақты мен тістінікі.
Дүниенің патшалығы, батырлығы,
Тыпырлап, тыныш жатпаған істінікі.
©  Сәбит Дөнентаев
Жұмыс — бұл менің өмірлік ісім. Жұмыс істемеген кезде, мен өзімде ешқандай тіршілік белгісін сезбеймін.
©  Жюль Верн
Еңбекке дағдыланып алсаң болды, онсыз тіршілік ете алмайсың. Бұл дүние дегенің бәрі еңбекке байланысты.
©  Луи Пастер
Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса, ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.
©  Дени Дидро
Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды.
©  Дени Дидро
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...
©  Дени Дидро
Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік.
©  Дени Дидро
Ақиқатқа сын жағады, себебі жеңісіне сеп болады; жалған сыннан қорқады, өйткені жеңілуіне сеп болады.
©  Дени Дидро
Көп достардың арасында адал жандар аз.
©  Тит Макций Плавт
Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе — адамның еңбек әрекеті.
©  Джон Локк
Тәрбиешіге үйреткеннен бұйрық беру әлдеқайда жеңіл.
©  Джон Локк
Көп білем десең,
Аздан бастап үйрен.
©  Джон Локк
Адамдар арасындағы айырмашылықты білім қалыптастырады.
©  Джон Локк
Гимнастика адамның жастық шағын ұзартады.
©  Джон Локк
Бiреудiң сөзiн бөлгеннен өткен ақымақтық жоқ.
©  Джон Локк
Өзiнiң қасиетiн жасыратындай дәрежеде әлi ешкiм қу болған емес.
©  Джон Локк