Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Шын мәнінде менің компаниямда жұмыс істегісі келмейтіндердің болуын қаламайтынмын. Ендеше сізге де өз жұмысыңыз ұнамаса, кеткеніңіз жөн.
© Дональд Трамп
Ұлыңызды еркелетіп, қолына қалаған сомасын беруге асықпаңыз. Бұл оны көр етіп, жетістікке жетудің маңызы еңбекте екенін ұмытуына алып келеді.
© Дональд Трамп
Өмір маған ең маңызды сабағын берді: Сізді қиын жағдайда жалғыз қалдырған адамды кешіруге болмайды. Ол сізді тағы да алдауға дайын.
© Дональд Трамп
Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.
© Дональд Трамп
Әрқашан өз ашуыңыздың себебін анықтай біліңіз. Дегенмен оның жұмысқа қатысы бар болса, тек жағдайдың қаншалықты күрделі екенін білдіреді.
© Дональд Трамп
Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
© Дональд Трамп
Мен бизнеске шығармашылық тұрғыдан қараймын. Біреулер сурет салады, біреулер өлең жазады. Ал менің жасаған келісім-шарттарым өнер туындысы сияқты.
© Дональд Трамп
Егер сенің бастығың нашар адам болса, онда оны жұмыстан шығарып жібер. Басқа жұмыс тауып ал.
© Дональд Трамп
Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.
© Дональд Трамп
Балаларыңа өздері таппаған байлықтың салмағын салып қажеті жоқ. Бұл олардың өміріне балта шабады.
© Дональд Трамп
Мен әрқашан қол беріп амандасамын және солай амандасқанды жақсы көремін. Қол беріп амандасуды ұнатпай саясаткер болу мүмкін емес қой.
© Дональд Трамп
Біз жақсы адамдардың саясатта жолы болмайды деген түсінгі бар әлемде өмір сүріп жатырмыз.
© Дональд Трамп
Менің ойымша АҚШ-тың ең басты проблемасы — тым саяси сыпайы болып көрінгісі келетінінде.
© Дональд Трамп