Ел туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 492
Балаларға арналған тақпақтар: 28
Ақын өлеңдері жинағы: 588
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 119
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 34
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 13
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 11

Әділ биі болмаса - бірлігі кеткен ел ғаріп,Қадірін елі білмесе - қайратты туған ер ғаріп. 
©  Қазақтың би-шешендері
Еліңнің тағдыры - өзіңнің тағдырың. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Елді ояту үшін, тарихты ояту керек. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Асып бара жатсаң, еліңмен бөліс. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін, қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін, санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін. 
©  Асан қайғы
Атақ пен титулдар ел алдында ерен еңбек жасағандар үшін ойлап табылған. Бірақ ол қандай ел екені бізге белгісіз.
 
©  Бернард Шоу
Атадан жақсы ұл туса – елінің зоры болады,Атадан жаман ұл туса – адам біткеннің қоры болады. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Елде жоқ рух – ақын сөзіне қайдан келсін?! 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,Тәннен басқа немді алар өлім менен?!Өлген күні апарып тығары – гөр,Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.Тән көмілер..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер. 
©  Бұқар жырау
Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер. 
©  Бұқар жырау
Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,Ел иесі бар болса — елі ала болмайды. 
©  Бұқар жырау
Қазақ деген ел - бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. 
©  Ғабит Мүсірепов
Қазақ деген ел — бостандық-азаттық сүйетін, даланы, таза ауаны, таза суды, таза көгалды сүйетін халық. 
©  Ғабит Мүсірепов
Біз XV ғасырда «қазақ» деген ел болып біріккенімізді Ұлытаудың көк тасына қашап басқан ру таңбаларымен куәландырған ел едік. Бірігеміз..
©  Ғабит Мүсірепов
Елдің қарғысынан сақтан. 
©  Құтып
Жаман еркек жар қадірін білмес,Жайсыз әйел ер қадірін білмес.Жалқау адам тер қадірін білмес,Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. 
©  Майқы би
Есесін жіберген ел - ел емес.
 
©  Асқар Сүлейменов
Дүниеде не жетім?- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. 
©  Жиренше шешен
Данышпандар туралы зерде - олардың өздері көтерген мәселелердің өзектілігі жойылғанша ғана ел жадында сақталады. 
©  Олжас Сүлейменов