Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Рационализм қолданысқа зəру.
©  Гастон Башляр
От туралы бірінші білетініміз – оған жақын болу керек екендігі.
©  Гастон Башляр
Ақыл ғылымға бағынуға тиіс.
©  Гастон Башляр
Өз қателігіңді мойындау дегеніміз – өз ой-парасатыңыздың биіктігіне тағы бір ашық марапат жасау деген сөз.
©  Гастон Башляр
Кей кездері таңдап алған объектіге деген таңданысымыз гипотеза мен фантазияны жөнді-жөнсіз үсті-үстіне үйе беруге итермелейді: əлдебір білім сияқты..
©  Гастон Башляр
От – өте жеке əрі əмбебап бірдеңе.
©  Гастон Башляр
Объективті ой ирониялық сипатта болуға тиіс.
©  Гастон Башляр
Өзімізге-өзіміз қарайлай береміз деп – біз шындықтан көз жазып қаламыз.
©  Гастон Башляр
Белгісіздікті – біздің бейхабарлығымыз емес, біздің қателеріміз жеңеді.
©  Гастон Башляр
Ғылыми ойды ырықсыз елестету қиын. Ол мұқият, сабырлы абстрактілік ойдың тұсауын кеседі.
©  Гастон Башляр
Біздің шын бейнеміз жұрт білетін бейнелерге ұқсамайды.
©  Гастон Башляр
Сүйіспеншілік – бөлісіп пайдалану керек оттан басқа ештеңе де емес.
©  Гастон Башляр
Махаббат күдік дегеннің не екенін білмейді: тек жүректегі ғана дұрыс деген сеніммен өмір сүреді.
©  Гастон Башляр
Тасты жақсы көру мен əйелді жақсы көрудің айырмашылығы шамалы.
©  Гастон Башляр
Сылап-сипау – үйкелістің рəміздік сипаттағы ең тамаша түрі ғана.
©  Гастон Башляр
Мəдениеттің өз қуаныш-қызығы бар: ол – сайып келгенде, қарсыласу қуанышы.
©  Гастон Башляр
Кейде жалған ұғымдарға негізделген тұтас теория да жасап шығуға болады.
©  Гастон Башляр
Ақиқат – ұнатудың емес, пікірталастың перзенті.
©  Гастон Башляр
Қиялыңды оятқан нəрсені ғана зерттеу керек.
©  Гастон Башляр
Ұзақ жұмыс істеу – жанға жайлы.
©  Гастон Башляр
Алғашқы қауымдық құрылыс адамы үшін ойлау дегеніміз – қиялдың тоғысуы, өркениет адамы үшін қиял дегеніміз – ойдың бой жазуы.
©  Гастон Башляр
Қарны ашқан бала үшін ең жақсы жеміс – ең үлкен жеміс.
©  Гастон Башляр
Бір-бірін шын түсінгісі келген екі адам, ең алдымен, бір-біріне қарама-қайшы келіп көрулері керек.
©  Гастон Башляр
Тереңдік – ең қымбат қазына, жүректің терең түкпіріндегі сыр: əдетте оны сыртқа шығара бермейді.
©  Гастон Башляр