Дін туралы Қанатты сөздер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 10
Жұмбақтар жинағы: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 48
Қанатты сөздер жинағы: 38
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 6
Шығармалар жинағы: 4

Дәстүр-салтымызды, қазақы қалпымызды сақтап қалар діл, тіл, дін, ұлттық сана мен ұлттық пайым сияқты өзекжарды мәселелерге әрбір ұлтжанды азамат..
©  Қайырғали Медет
Дінге адал болсақ, дінді таза ұстасақ, жүрегімізді тазаласақ, барлық қиыншылықтан шығып, бақытқа жетер едік, еліміздің басындағы қазіргі ауырлықтар..
©  Әселхан Қалыбекова
Біздің қазақ-қырғыз дін ісін көркейтетін болса - үкімет ісін бөліп қойған оң болады.
©  Әлихан Бөкейханов
Дін ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің. 
©  Мырзатай Жолдасбеков
Күшің бізге жеткенмен - құдайға жетпейді.
 
©  Саиф Сараи
Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда? 
©  Бұқар жырау
Дін, өнер және ғылым - бір ағаштың бұтақтары. 
©  Альберт Эйнштейн
Жұртым-ау, құдайыңды ойлаймысың?! 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Әркезде қоғам тiршiлiгi өнiмсiздiкке ұшырап, iштей жұтай бастағанда заман әуенiне қарай не дiнге, не саясатқа қамшы басады. 
©  Ғабит Мүсірепов
Дін құрыса — тіл сақтайды, тіл құрыса — үн сақтайды, бәрі құрыса — діл сақтайды 
©  Асқар Сүлейменов
Көзiңдi аш, оян, Қазақ, көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кеттi, Дiн нашар боп, Хал қараң боп,
Қазағым ендi жату жарамас-ты.
©  Міржақып Дулатұлы