Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Мен үшін жай өмір сүру аздық етеді. Мен оның үстіне өмір дегеннің өзі не екенін де түсінгім келеді.
©  Александр Лосев
Жақсы көре алатын адам жеңіл іс дегеннің не екенін білмейді – өйткені ол бəрін түсінеді, ал жақсы көрудің не екенін білмейтін адамды кез-келген кезде..
©  Александр Лосев
Жақсы көру – жақсыкөрген адамыңның бойындағыжақсылыққа қуана білу деген сөз: оның кемшіліктеріне күйіне алған да жақсы.
©  Александр Лосев
Жақсы көру – сынау деген сөз, яғни жақсы көретін адамыңның бойындағы жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бірдей танып білу.
©  Александр Лосев
Бір адам – біреудің ғана құпиясы. Неке – екі адамның құпиясы.
©  Александр Лосев
Тұңғиық тереңінен мəңгі тоқтамас өмір бұлағы атқылап шығып, мөлдіреп ағып жатқан ой, саф таза ой, таза ақыл қандай ғажап десеңізші, шіркін!
©  Александр Лосев
Зиялылық дегеніміз – күн сайын, тіпті сағат сайын ерлік жасау деген сөз!
©  Александр Лосев
Білімге құштарлық дегеннің не екенін білетін жəне білімге құштарлар сəл-сəл, бірақ міндетті түрде бұрын-сонды болып көрмеген бірдеңеге таяй түседі.
©  Александр Лосев
Ақтық шешімнің керегі қанша? Бірдеңеге ұмтылуды қою үшін бе? Проблема ретінде бас ауыртпас үшін бе? Өмір үшін өлуге ме?
©  Александр Лосев
Мен үшін өмір – мəңгілік драматургиялық-трагедиялық мәселе.
©  Александр Лосев
Жанды ойдан күшті, жанды ойдан сұлу ештеңе жоқ.
©  Александр Лосев
Ежелгі Египет уақыты дегеніміз – мумияға айналған адам денесі.
©  Александр Лосев
Қытай діні үшін уақыт дегеніміз – бір нəрсені бірнеше мəрте шексіз қайталау.
©  Александр Лосев
Данышпан адам табиғаттың өзіндей етіп келістіріп жасайды.
©  Александр Лосев
Адамзат тарихының бəрі еркіндік эволюциясы ғана, басқа ештеңе де емес.
©  Александр Лосев
Барлық көркем нəрсенің эстетикалық мəні бар, бірақ эстетикалықтың бəрі бірдей көркем емес.
©  Александр Лосев
Сынақ-бұл біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, олардың өздерін бұзып, олардан өтіп, күшейе түсу маңызды.
©  Хабиб Нұрмағамбетов
Жеңістің үлкені немесе кішісі болмайды. Әр жеңістің артында үлкен еңбек жатыр. Жеңіске бастар жол қарашаңырақтың, туған елдің сенімі мен қолдауынан..
©  Шавкат Рахмонов
Жібергің келмесе білімнің есесін,Төгіп алма кітап толы кесесін.
©  Гүлім Омар
Су ішсең шөліңді басар,Ал, кітап көңіліңді ашар.
©  Гүлім Омар
Ыдыс көрдім ішінде кітабы бар,Оны ішкеннің өмірде ұтары бар.
©  Гүлім Омар
Кітапты жан азық деп қанып іш,Әр сырын терең ұғып, танып іш.
©  Гүлім Омар
Біліммен сусындатып миыңды,Жоғалтпа ел алдында сыйыңды.
©  Гүлім Омар
Білім толы кесені,Қанып ішкен өседі.
©  Гүлім Омар