Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Пушкин жылай алушы еді: ал жылай білген адам үміттене де алады.
©  Лев Шестов
Қисынды ойлау əдеті қиялды құрбандыққа шалады.
©  Лев Шестов
Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді.
©  Лев Шестов
Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.
©  Лев Шестов
Философтарға қатысты əлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді қолданып көрмеген екен. Неге?
©  Лев Шестов
Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.
©  Лев Шестов
Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды..
©  Лев Шестов
Мазақ пен мадақтың арасы да – бір-ақ қадам.
©  Лев Шестов
Білімді, көп оқитын адамдар мынаны білгені жөн: əдебиет – бір басқа да, өмір – бір басқа.
©  Лев Шестов
Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.
©  Лев Шестов
Қиындықтан да, жақсылықтан да жоғары тұрғанды іздеу керек: Құдайға жол табу керек.
©  Лев Шестов
Адамды қалпын өзгертпеген жағдайда тыңдау керек.
©  Лев Шестов
Адамгершілігі зор адамдар – ең кекшіл адамдар.
©  Лев Шестов
Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек.
©  Лев Шестов
Ешбір ғылым, ешбір өнер қараңғылық құшағындағыдай тылсым сыйлай алмайды.
©  Лев Шестов
Не қажет екенін білмеу – ең ұятты жағдай болып саналады.
©  Лев Шестов
Өшпенділікке – оң мен солдың бəрі бір: құрал таңдамайды.
©  Лев Шестов
Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады.
©  Лев Шестов
Адамға ойдағы бір ізділіктен гөрі, дауыс ырғағындағы бір ізділік көбірек əсер етеді.
©  Лев Шестов
Іс жүзіңде жасампаз адамның көретіні – əдетте тек қорлық қана.
©  Лев Шестов
Наполеон адам жанының білгірі саналған. Шекспир де – солай. Ал олардың білімдерінің арасында ешқандай байланыс жоқ.
©  Лев Шестов
Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.
©  Лев Шестов
Біз күлкілі болғандықтан емес, өзіміз көңіл көтеріп, күлу үшін біреуді келемеждеп, қылжақ етеміз.
©  Лев Шестов
Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойындағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.
©  Лев Шестов
Мүмкін, оқырмандардың көпшілігі мұны білгісі келмейтін де шығар, бірақ Достоевский мен Ницще шығармаларында жауап жоқ, сұрақ қана бар.
©  Лев Шестов