Бөлім: «Қанатты сөздер жинағы»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
ӘЙТЕКЕ БИДІҢ ҰРПАҚҚА ҚАЛДЫРҒАН ӨСИЕТТЕРІ
1. Өмірдің басы бар, соңы бар. Басы үміт, соңы өкініш.2. Ақылды тақта отырған патшадан сұрама, тақтан түскеннен сұра. 3. Бата-құранның айнасы. 4...
©  Әйтеке би
Жанашырлық сезімі біздің бойымызда ұдайы жасайды: біздің тіршілігімізге ыңғайластырылған күйде.
©  Лев Шестов
Оқырман жазушы үшін өмір сүреді.
©  Лев Шестов
Адамдық ақиқаттар тек қызмет бабында ғана іске жарамды.
©  Лев Шестов
Адам қайтсе де алғысы келіп тұрады: бірақ қолынан келе бермейді.
©  Лев Шестов
Адамның қолынан келіп тұрғанда өз табысына мүлдем мəн бермеуі жиі кездеседі. Басқаларға ықпалын жоғалтқан күніақ күйіне бастайды. «Тургенев..
©  Лев Шестов
Адам бірдеңеге сенбей тұра алмайды: бұл – анық нəрсе.
©  Лев Шестов
Адамның өте кертартпа (консервативті) болмыс екені соншалық, кез келген өзгеріс, тіпті оң өзгерістердің өзі оның зəресін ұшырады.
©  Лев Шестов
Философия қашан да қызмет алуға құштарлық танытқан. Орта ғасырларда ол аncilla teologiael атанды, ал қазір ол – ғылымдардың қызметшісі. Ал өзін..
©  Лев Шестов
Пифагорлықтардың өзі күннің қозғалмайтынын жəне жердің айналатынын болжап білген. Ал осы ақиқатты дəлелдеу үшін қанша алтын уақыт қор болды десеңізші!
©  Лев Шестов
Адамдарды сендіру көңілсіз де қиын нəрсе, тіпті керегі жоқ та болуы мүмкін.
©  Лев Шестов
Өзіміз үшін өте маңызды əрі қажетті, өзіміз шын қастерлейтін жəне сүйетіннің бəрін біз сирек мақтаймыз.
©  Лев Шестов
Ұлы идеяларды туғызушылар өз туындыларына тым қалай болса солай қарап, олардың кейінгі тағдырына тым аз көңіл бөледі.
©  Лев Шестов
Тағдыр, əсіресе, идеалдар мен ажалды бейбақтардың сəуегейліктерін тəлкек етуге құмар – жəне дəл оның ұлы данышпандығы да осыдан сезілетін тəрізді.
©  Лев Шестов
Адамдарды, өмірді, əлемді білсек деген құлшынысымыз – солай жасауымызға кедергі болып жүр.
©  Лев Шестов
Шарасыздық (фатализм) жұрттың бəрінің зəресін ұшырады.
©  Лев Шестов
Мойындаудың көз жасында арсыздық бар.
©  Лев Шестов
Данышпанның ақымақтықты ақтап алғанынан гөрі ақымақтың данышпанды жұрт алдында бар абыройынан жұрдай етуі əлдеқайда жеңілірек.
©  Лев Шестов
Ең маңызды да, мəнді ойлар, жаңалықтар өмірге сөзкөйлексіз жалаңаш келеді: оларға лайық сөз табу – ерекше, өте қиын іс, бүтін бір өнер.
©  Лев Шестов
Орыс шындығы мен қарапайымдылығы деген біздің салыстырмалы түрде алғандағы, төмен мəдениетіміздің көрінісі.
©  Лев Шестов
Баскесердің рөлі тек түсінбестіктен ғана ең масқара рөл саналып жүр.
©  Лев Шестов
Жарық адамның сұлулыққа деген көзін ашады – бірақ ол, сол сияқты, сиықсыздықты да əшкерелеп береді.
©  Лев Шестов
Ой келіп қалған екен – есігіңді айқара аша бер!
©  Лев Шестов
Рəміздер үнемі сұлу бола бермейді.
©  Лев Шестов
Біздің өзімізге де күмəнді көрінген пікірлердің өзі туралы тым кесімді сөз айтып, жəне, тіпті, оны ақиқат деп тануды талап етіп тұрып алатын..
©  Лев Шестов