Алфавит туралы Жаңылтпаштар жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 11
Жұмбақтар жинағы: 85
Балаларға арналған тақпақтар: 40
Ақын өлеңдері жинағы: 4
Жаңылтпаштар жинағы: 36

САП ҚҰРҒАН «ƏЛIППЕ»
(аллитерацияға құрылған)«А»Ардақтар асыл адамың,Ақ сүтiн ақта ананың...Ананың алсаң алғысын,Азаматсың, арлысың,Атағың асар аспандап,Абыройың..
©  Ескен Елубаев
«Я»
Яхия яслигеЯ барар, я бармас.Яхияны яслиЯ алар, я алмас.
©  Ескен Елубаев
«Ю»Юрмалада Юра жүр,Юля Юрамен бiр.
©  Ескен Елубаев
«Ь»Шинельдi шеш,Никель сымды кес.
©  Ескен Елубаев
«Ы»Ылғи ылди ыңғайсыз,Ырықсыз ылдилауға кiм ынтық?
©  Ескен Елубаев
«Ъ»Объ өзенiне бардық,Объективке түсiрiп алдық.
©  Ескен Елубаев
 Кещеге айтқан –Ащы да емес,Тұщы да емес,Лəм-мим демес.
©  Ескен Елубаев
 Шалғыңды шыңдап,Шалғынды шап шындап.Шөпшабыста шалапқаШөлiркесең шөлдi бас,Шалап – шаңдулы шанақта.
©  Ескен Елубаев
 Жиһаз алдық шаһарда,Табылмайтын жаһанда.
©  Ескен Елубаев
 Халық тыңдап хош алған,Хамит – хорда əн салған.
©  Ескен Елубаев
 Фарфор артқан,Фосфор артқан,Фрегат Босфор бұғазына тартқан.
©  Ескен Елубаев
 Үсен үйiрiп үйдегi үйректi,Үркiтiп ұшуға үйреттi.
©  Ескен Елубаев
«Т»Тастан-тасқа тайғанап,Таудан түскен таутеке,Төңiректен тың тыңдап,Тапжылмастан тұрды да, Тiке тартып талтүстеТасқайнарға таяды.Тасқайнардың..
©  Ескен Елубаев
 Сұрапыл сел сарқырама сияқты,Сай-саламен сарылдаған су ақты.Самырсынды сiрiңкеңiз секiлдiСырт сындырып, сереңдетiп сұлатты.
©  Ескен Елубаев
«П»Полковник пе – бұл?Пальтосындағы погонынан бiл.
©  Ескен Елубаев
 Өзеннiң өзегi өрiсi,Өзеннен өттiӨкеннiң өгiзi.
©  Ескен Елубаев
 Оңашада Оңалсынның,Ою оюы орынды.Орындықта отырыпОмардың оқу-оқуы орынды.
©  Ескен Елубаев
«Ң»Мыңғырған мал мың-мың,Маң ың-дың.
©  Ескен Елубаев
«Н»Назым наубайханада наубай,Нан-нанба.Назымның наубайханасындағы нандай,Нан жоқ нəрлi ондай.
©  Ескен Елубаев
«М»Мұрат, мына машинаға мiн,Мынау мотоциклге мiнгескенiң мiн.
©  Ескен Елубаев
«Л»Лəйлə – қыз,Лəйлек – құс.
©  Ескен Елубаев
«Қ»Қастерлi құс – қоқиқазҚорығында Қорғалжын.Қарақшы, қаныпезерденҚамқорлықпен қалайда,Қоқиқаздар қорғалсын.
©  Ескен Елубаев
«К»Көргенiмде кеше кеп,Көкөнiске кезек көп,Күткiм келмей кеткенмiн.Көрсем бүгiн кешке кеп,Кемiмептi кезек көп,Кезек күтем, кетпеймiн.
©  Ескен Елубаев
«Й»– Той қалай өттi?– Айқай-ұйқайсыз.Дау-дамайсыз.Ойбай-ұйбайсыз,Той осылай өттi.
©  Ескен Елубаев
«И»Ине сабақтауға Инеш икемдi,Иттi қуып далақтауға Имаш икемдi.
©  Ескен Елубаев