П әрпі туралы Жаңылтпаштар жинағы ✍️


Басқа: 1
Жұмбақтар жинағы: 2
Балаларға арналған тақпақтар: 1
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1

Петрапауыл – бек кір ауыл, бекірелі ауыл,Павлодар – даулы ауыл, дауылды ауыл.
©  Жәди Шәкенұлы
«П»Полковник пе – бұл?Пальтосындағы погонынан бiл.
©  Ескен Елубаев
Пәк пейілді парықсызды,Пайдакүнем пайдаланғыш.Пысық, пасық, пайдагер,Парақорды паналағыш.
Паровоздың түтіні будақ-будақ,Жолаушылар барады улап-шулап.Паровоздың түтіні будақ-будақ,Анда-санда қояды тулап-тулап.
Піскен пісте,Піс те,Жерге түспе.
Пеш үстінде бес мысық –Бес күзетші, бес пысық.Тышқан ұстап жемесе,Бола қоймас еш қызық
Пай-пай тіпті күш қалмай,Піл қорықты тышқаннан.Пана таппай жортады,Пәледен жаман қорқады.
Пайдалы деп,Пияз жеп,Парлады жас көзімнен.«Пыссыншы біраз» деп,Пысылдадым төзіммен.