Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Секілді емен,Секір Мерген.Секіргеннен.СекірмегенСекілді өрден,Секір Мерген.
© Кеңесжан Шалқарұлы
Іскер істіңІскерлігінОйластырмай,Ойға асырмай,Ой, қатырды-ай!Ойлайтындай,Ойла тұрмай,Ой, батыр-ай!
© Кеңесжан Шалқарұлы
Қарт Арқарбай дегенде,Қарт Арқарбай!Арбаңды аударасың,Тарт, Арқарбай!Күн түс болды,Жұрт түстенді.Жүрсің бе, əліАрбаңа арпа арта алмай!
© Кеңесжан Шалқарұлы
Сопыбек қырықтарда,Соғыпты қырық балға.Балғаны баласы алды,Алғаны жарасады.
© Кеңесжан Шалқарұлы
Мен КөлкөргендеКездестім көз көргенге.Кездеспесем көз көргенге,Келмес емКөлкөргенге.
© Кеңесжан Шалқарұлы