Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Инелік илеуде иленбейді.Итбалық итмұрынды иіскемейді.
Зура зурнада ойнайды,Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Жаға жай,Жағажайда – Қамажай.Жағажайды жағалай,Жүгіреді Қамажай.
Ескекті ескекші еседі,Ескекші ескекті еседі.
Қайрат қайрақ қайрап отыр,Дайрақпен балта қайрап отыр.
Бір қыз кесте тікті,Кестесін түсте тікті,Кеште тікті.
Көпке бекер өкпелеме,Өкпе етпе,Тектен - текке өкпелетпе.
Тары ақта,Тары ақтап,Қапқа қапта.
Қанар қаптарды қаптап артар,Шанақ арбаны аттар тартар.
Көктемде шөп өнер жерМал келер, мал ерер жер.
Пышағы кесті, жайышты,Шанышқысы шанышты.
Шешей отты көсеумен көседіКөсеумен кесек-кесек тезек төседі.
Қыста құлағым үсіп кетті,Үсіп, ісіп кетті.
Түрің түрленіп, кідірмей оқы,Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.
Талғат балға тап,Оншақты жаңғақ шақ,Шақсаң, сақ шақ.
Екеуінін жасы шамалас,Бірінің шашы - қарашаш,Бірінің шашы - ақ шаш аралас.
Бірқатар қада қада,Қадаларды қатар-қатар қада.
Қанат қанағаттанарлық баға алды,Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.
Таяқ жон,Жонсаң жөн жон.
Дөң жатыр,Дөнде тон-тоң көн, жатыр.
Даланы қар жабар,Қарға балалар аққала қалар.
Ошақта от жоқ,Шоқ тап, от жақ.
Ізшілер іздесті,Түз кезді, із кесті.
Тақпақ жатта,Жатқа жатта.