Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Есікпе-есік отырғандарЕсіктерін тесіп-тесіп тастапты...
Дәмді дәмдер дайындаған Дәмелі,Досы дәмін дәріптер деп дәмелі.Дәмін досы «Дұрыс дәмді» демеді.
Доп,доп, доп екен,Доп қуғандар көп екен.Допты тепті Төлеген,Төлеген тым тебеген.
Дөңгелек гүрілдеді,Теміржолдар дірілдеді.Сәби көзін бір ілмеді,Үн шығарып «уілдеді».
Зерек зергер зерделеп,Зергерлеуші зер зерлеп.Зерлілер затын зерлеткенЗергерлік те зерделік.
ЖадырамызЖайдан-жай жадырамайды.Жай жағдайыЖақсарса жайдарыланады.
Жайлауға бар, мал қайтар,Түйеге: "Әй!" дей сал!Сиырға айқай сал!Жылқыға бар ма айтар?
Ақ қақпаққа көк қақпақ,
Көк қақпаққа ақ қақпақ
Жағада жатыр ек,Жақыпбек жақын кеп,Жаңылды шақырып,Жатыр депЖомартты нұсқады.
Көп-көп көк жеп,Келді көжек.
Күн күнді көктен.Күткенбіз көптен.Көкүйек көктем,Келіпті көшіпКөгал, көлшімекпен.
Күш, күш, күшігім,Қарда жатсаң үсідің.Кір, кір, үйге, күшігім,Ки көкемнің ішігін!
КітаптыҚанапия мен Құныпия,Аса құпияАра-тұра, шала-пұла оқыды.
Лекер лыпыл, лепілдекЛайдан лезде лепілдеп,Лайсаңдағы лездігінЛебіздеді лепіре лекіп.
Оралдан омарташылар оралды,Оралбай аға орманға орналастырды оларды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.Ғарышқа ұшты ғарышкер.Айтшы, ғарыш алыс па?
Гүлім гүлге қарап күлімдеді,Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Әбдіреде әбігер әтеш отыр.Әбігер әтеш отырғанӘбдірені әжем ашып жатыр.
Арқада алты арқар бар,Қырқада қырық арқар бар.Қырық арқарда ақ арқар бар.Алты арқарда марқа арқар бар.
АлашалардыТаба алса, алар.
Омар ора алар,Омар ора алмаса,Орал ора алар.
Сен өлше, ол өлшер,Сол өлшем, сол мөлшер.
Күз, Кез, Көз,Күш, Кеш, Көш,Кір, Кер, Көр,Күл, Кел, Көл,Кілең қысқа сөз,Кім оқиды тез?
Есім есі кетіп есінеп отыр екен.Ол несіне.Есі кетіп есінеп отыр екен.
Қоғанбай қомағай ма?Жоқ, ағайҚоғанбай қомағай емес,Зор ағай.