Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Жағалтай жадағайЖағалауды жағалап ұшты.Жолақ-жолақ жағал құсЖарлауытты сағалап ұшты.
Жабағы жүніЖабағыланған жабағыны,Жабайландырмай-ақЖабуласа қайтеді?
Еліктегіш те, желіктіргіш те,Еліктей еліріп елеңдейді.Еліктегіштің елеңдеген елібі еленбейді.
Екшегішпен шөп-шаламды екшеткізші,Екшеленген шөп-шаламды өлшеткізші.
Дүңгіршек пе деп жүгірсек,Дүрбелеңдеп үлгірсек деп жүрсек,Делбеңдеген дүзге жайған үлбіршек екен.
Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді?
Дөнен мінген кісі түздеп,Дөнбейілдің дөмпейіненДөнежіндерін жүр іздеп.
Далбағайы далба-жұлма бола тұрып,Далаңбайлағышын қарашы,Далаңды шола тұрып.
Ғылымпаз ғылымсыз жаңалық аша ала ма?Ғылымсыз ғылымпаз даналық аша ала ма?
Бұғанақты бұзаудң бұғанасынБұлтақтатқандаБелгілі бұра алмасың.Бұла бұзауБұлтақтап туламасын.
Бекіністе бес дос кездесті,Белдігін тартып бестілерінің,Бетегелі бөктерде белдесті.
Балдыр балғын құрақтан бағалырақ па,Балғын құрақ балдырдан бағалырақ па?
– Бағдамшы, мына бағанаБағанағы бағана ма?– Бағда маған ұнамағанБағанағыдай бағана.
Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,Қойыңды мал жусанға жай, Тайқарбай!– Тайқарбай, Байқарбайларың толып жатыр,«Әй, Тайқарбай» дегенің қай..
Әжемнің әжесі әжімді емес,Әжімді әжеме әзілкеш теӘжімдісің деп әзілдемес.
Аршабек арша деп шыршаны,Шыршабек шырша деп аршаны.Шатасты күлдіріп баршаны,Шырша деп, арша деп шаршады.
Ала-ала алашалар,Тамаша олар,Оған кім таласа алар?АлашалардыТаба алса, алар.
Ақылсынған ақылшы ма,Астамсымай нақыл ұсынғанАқсақал ақылшы ма?
Абалақ-сабалағы шыққанАрланды абалатпасаңдаршы,Абалаған арланғаАбат бақты аралатпасаңдаршы.
Әлді бала - әлдірек,Әлсіз бала - тәлтірек.
Әселі ән салады,Әжесі тамсанады.Әсеті там салады,Атасы тамсанады.
Дөп-дөңгелекДоп дөңгелеп келеді.Тепкен бөгеп қарап,Аяқ оған керегі.
Екі аяқ сабалайды -Доп домалайды.
Елеусіздің елеуіші елегішЕлеместің елеуіші елегіш.
Ерен еңбекте,Екпін есте.Енжар емесЕңбектес те.