Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Шалабай шыли шалағай,Шалағай шыли Шалабай.Шақша басы шарадай,Шаладай шала Шалабай.
Шеше, шеше,
Неше кесе
Сынды кеше?
Шәугімдегі шай қайнады ма?«Шай қайнады!»– деп,Шешем айқайлады ма?
Шалғы саптап,Шөп шап.Шөп шапсаң, көп шап.Көп шапсаң, шапшаң шап,Шапшаң шапсаң,Шаршап жат.
Шалабай саба пісті,Шамалап шала пісті.
Шырмауық шөп,Шырмалып кепТалға жабысады.Ошаған,ТасаданМалға жабысады.
Шалшық, балшық,Балшық , шалшық,Балшықтан ал шық.
Шұңғыл, шұңқыр.Шұңқыр, шұңғыл.
ШапшаңШапсаң,БұрқырайдыАқ шаң.
Шұнақ құлақ лақБұлаққа барды.Бұлақ жағасындағыҚұраққа барды.
Шарқ айналар,Қайралар,Пышақ қайраларКөңіл жайланар.
Шаңқ-шаңқ етіп шағала,Шабақ ілер жағада.
Шабдар аттыШет көрмейді,Шалабай,Шауып бірақ,Шөп бермейді,Шалағай.
Шошыттың үш құсты,Шошынып үш құс ұшты.
Шабысты ат,Шалыс шаппас,Шалыс шапса,Алыс шаппас.
Шәйімнің шәй шайнегі мосыдан түспес,Мосыдан түссе, ащы деп ішпес,Ащы деп ішсе, ыссы деп ішпес.
Ши тоқыдым шиеден,Теңіз кештім түйемен,Күйме жасап инеден,Үй тұрғыздым түймеден.
«Ыбырай, Ыбырайдың шымыры-ай!Денесі де тым ірі-ай!»Мақтап жүрген Ыбырай,Мысықтан қорқып зымырай,Берер зымырай.
Ысқан ұстаз – ұстаз ұста,Үш ұстаға ұстаз ұста,Үш ұстаға жасы тұстас ұста.
Ісшіл іссізбен келіспейді,Істі іссізден тез істейді.Іске іскер,Істі іскер істер.
Ізге түсті Ізмұрат,Ізмұратты біз бірақ,Іздеп-іздеп таппадық,Ізім-қайым қызық-ақ.
Іздеп ек бір-бір құр,Қу екен құр құрғыр.Таптырмай қырдан құр,Қайттық біз құрдан-құр.
Бір топ тобырОпыр ­топырКөпірде отыр,Жиналған көп нөпірНе деп отыр?«Аты – көпір,Көпірде көпір»Деп кеп отыр.
Оралдан оралған оларданОмаржан оң көріп,Он бөрік,тор беріп, тон алған.
КөктемедеКөк пе төбе?Көк төбеде –Көп бетеге,БетегегеКөк жете ме?