Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Уфаға барып оқыған,Уәли жібек тоқыған.
Уықтардың барлығын,Уыққапқа сал, күнім,Уыққапқа салған соң,Уыздан жеп ал, күнім.
Ұстап қара қарындашын,Ұштап қарындашын қарындасымҰсынды қарындасым қарындашын.
Ұлсынай – ұшқыш ер жүрек,Ұнайды оған зәулім көк.
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Ұста еңбек тарланы,Ұғып алғын бар мәні!Ұстамасаң балғаны,Ұстап көрші, ал кәні!
Ұн тартқан,Аппақ ұнтақ шынтақтан.
Үш кiшi iшiк пiштiм,Бес кiшi iшiк пiштiм:Неше кiшi iшiк пiштiм?
Үйде ойыншық үлегім,Үлегімді үремін.Үремін де үнемі,Үстіне өзім мінемін.
Үш егізбіз, үш егізбіз,Асты бірге ішеміз біз.
Үш кісінің ұшы үшкір,Үш кісінің ұшы ескі,Үш ішік тыстадым,Үш үскі ұштадым.
Үйір-үйір үйректі,Үйірге кім үйретті?Үйір-үйір үйректі,Үйірге өзім үйреттім.
Үйрек дәйім тіледі,Үлгілі үйрек болуды.Үкімен бірге үнемі,Үрікпей жүру көңілді.
Үшкір тұмсық,Сұр шымшық,Сордан ұштыҚұрт шымшып.
Үлгілік – үйретуден,Үлгерулік – үйретуден,Үлгілілік – үздіктен,Үздіксіз үйретуден.
Хабиба сөмке көтерген,Хат-хабар күнде әкелген.
«Хатима менХатипаға,–Хамит аға,–Хат жазғын»,– деді.
Шымдай шытырмыш,Ол шытырмыштыМен шым-шытырмыштамайКiм шым-шытырмыштайды?
Шiлiктi шаптым,Жiлiктi астым.Шiлiктi жақтым,Жiлiктi шақтым.
Шөмеленбеген шөптiМен шөмелемей,Кiм шөмелейдi.
Шүрегей сүңгiгiш пе,Сүңгуiр сүңгiгiш пе?
Шемiшке шақсаң шақ,Шапшаң шақ.Шөбiңдi шапсаң шап,Шапшаң шап.
Шаш ал,Қас алма.Ас ал,Қасарма!
Шапанымда сан қалтам бар,Қай қалтамда сары малтам бар?Малтам жалғыз, қалтам сансыз,Тапқан алсын, малтам даусыз.
Шахматшы болсаң келе ғой,Шоқанды қане, жеңе ғой.