Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Сызық сызып қызық сызды,Қызық сызып, бұзып сызды.
Солақайдың сол қолы – оң қолы,Оңқайдың оң қолы – сол қолы.
Сулы жерде жалбыз бар,Жалбызға сен жалғыз бар.Жалғыз бар да, жалбызды ал.Суда сең келеді,Сегіз серке тең келеді.
Сұр інгенді сүрінгенде демейін,Сүрінгенді сүрінген еді демейін.
Сағат сыртылдады,Сырға сыңғырлады.
Сорпа іштік,Сорпа ыстық.Сондықтан қорқа іштік.
Сегіз семіз серке,Семіз сегіз ерке.Сегізі де егіз,Семізі де сегіз.
Саптап, сақтап орақ, шалғы,Жұмсай берді олар, олақ шалды.
Тарғыл иттiң құйрығыТалға оралар,Талға оралар.
Тебiншек ат – шегiншек,Шегiншек ат – тебiншек.
Толағайдың торы ала аты бар,Толағай, торы ала атыңдыТағалатып ал.
Тоғыз ақ баспақ тана,Тоғыз ақ баспақ тана iшiндеЖалғыз тарғыл тайпақбас баспақ қана.
Тiреуiшке түйрегем түйреуiштi,Күлдiреуiшке тiрегем тiреуiштi.Түйреуiшiм тiреуiшке түйрелмептi.Күлдiреуiшке тiреуiшiм тiрелмептi.
Тұрарбек Тұралбектер бiр ел ме екен?Тұралбек Тұрарбектi бiлер ме екен?
Тарпаң тайлар қай қорада?Тарпаң тайлар тар қорада.
Таудан түсіп келеді тау ұлдары,Тау ұлдары сүйеді қауымдарын.Тау ұлдары сүйеді ауылдарын,Тамашалап жүреді тауын, бағын.
Тойболды тойға барады.Тоқтарбай тоқталмай ол да барады.Қойгелді жолда қалады.
Төлеңгітті Төлен күтті.Төлеңгіт Төленнен өлең күтті.
Тамшылар тамшы тамса,Тығылар таса тапса.
ТүйетабандыТүйе табанымен таптаса,ТабанынаТікен кіре ме?ТабаныменТүйеТүйетабанды таптасаТабанына тікен кірмей ме?
Тарғақты тақыр жергеЖұмыртқалатпақшымыз,Жұмыртқаламаса даЖұмыртқалатпақшымыз.
Тас тостаған,Тас тостаған ішіндеТас тастаған.
Тарғыл итім, талға орал!
Торғай тоғайды ұнатады,Тоғай торғайды ұнатады.
Тырмада бар,Қойшыда жоқ,Тырнада бар,Аңшыда жоқ.