Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Ол алқапты олар орар,Бұл алқапты бұлар орар,Орал ормаса, Омар орар.
Орта таудың басынаОтау тiкпек айнала,Отауымды қотаныма тiгем,Қотанымды отауыма тiгем.
Орманбай аңшы,Марқабай малшы,Тұра қап алшы,Құрығыңды суға малшы.
Оқуға салақтар,Тек кетіп парақтар.Сабақта алақтарДалада далақтар.
Оқуда Ораз озар ма екен?Ажар озар ма екен?
Озған сәл алды,Бәйгені шал алды.Шал әлі әлді.
Ол да Ділдә,Бұл да Ділдә.Ол да Әбділдә,Бұл да Әбділдә.
Орын берсең кіргенде,Үлкен кісі есіктен.Үлгілі екен демей ме,Үйренген ғой бесіктен.
Ол аралда да марал,Бұл аралда да марал.От екен маралға да арал,Оттайтын аралда да марал.
Он қап,Он қапты қақ,Он қапты қақ та,Қатта.
Өте мерген Орман атты,Ор түбiнен ор қоян атты.Оқ тиген соң өте қатты,Ор түбiнде ор қоян жатты.
Өкшелеп қуып,Көшкен ауылды.Өкпем өшіп,Өкшем ауырды.
Өнері оның алуан,Өміртай – боксер, палуан.
Өңеші кем емес,Өңеші кең өңеш.Өмеште өңеш кең.
Паровоздың түтіні будақ-будақ,Жолаушылар барады улап-шулап.Паровоздың түтіні будақ-будақ,Анда-санда қояды тулап-тулап.
Піскен пісте,Піс те,Жерге түспе.
Пеш үстінде бес мысық –Бес күзетші, бес пысық.Тышқан ұстап жемесе,Бола қоймас еш қызық
Пай-пай тіпті күш қалмай,Піл қорықты тышқаннан.Пана таппай жортады,Пәледен жаман қорқады.
Пайдалы деп,Пияз жеп,Парлады жас көзімнен.«Пыссыншы біраз» деп,Пысылдадым төзіммен.
Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм,Сыпыра сөктiм, сыпыра тiктiм.
Сүт бетiнде май балқаймақ,Ол қай май балқаймақ?Балдан тәттi бал майқаймақ.
Сыздық судан сүлiк сүздi,Сыздықтың сүлiк салмасын үздi.Салмадан сүлiк шығып сытылыпСуға түсiп, сумаңдап жүздi.
Сүрiнген сұр iнген бе,Сұр iнген сүрiнген бе?
Сенсең,Бейсенде бар сеңсең тон,Сейсенде бар сеңсең тон,Кигендері өңшең тон.
Сең сел емес,Сел сең емес.Мен сен емес,Сен мен емес.