Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Шәріпханның көңілі қызметте болады,Шарапханның көңілі қымыз, етте болады.Жаратқанның көңілі қыз, ұл – көпте болады.
© Жәди Шәкенұлы
Апам кіші ішік пішті,Мен іркітті ішіп біттім.Апам қанша кіші ішік пішті,Мен қанша іркітті ішіп біттім?
© Жәди Шәкенұлы
Қалың бастық келіп қарбаластық болды,Қарбаластықта қалың мастық болды.Қалың мастар қалжыңбастар болды.
© Жәди Шәкенұлы
Қара таудың қарлы басынан қарлығаш ары асты ма,Қара басып қарлы басында қарлығыш адасты ма.
© Жәди Шәкенұлы
Еңбегімен ер еленер,Кемелердегі ерен еленер.Кемел еленер,Кемел еленсе, ел еленер.
© Көмек Ыбрайұлы
Бұл ұңғылар бұрғыланылған ба,Бұрынғылар бұрғыланылған ба?Біл, бұл бірыңғай бұлыңғыр ұңғыларБұрғыланыңқыралмаған екен.
© Көмек Ыбрайұлы
Жағалау жағалай қарағай,Жағалаудағы жағажайда жұрт,Қарағайларды жағалай сағалар.
© Ескен Елубаев
«Тойбастарсыз» қай той тарқар,«Тойбастар» айтар,«Тойбастардан» кiм бой тартар?
© Ескен Елубаев
Алакөл,Дара көл.Алакөлдi қара, көр.Ол көл –Мөлдiр көл.Ең мөлдiр көл –Сол көл
© Ескен Елубаев