Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Қызыл ала бұрауҚырда қырау.
Қырық қызыл құйрық,Қырық қыл құйрық.Қырық қыл құйрық ішіндеЫлғи қызыл қыл құйрық.
Қара қарғаларғаАла қарғалар үйір.Ала қарғаларғаҚара қарғалар үйір.
Қара майлы қарағайды,Кесейін бе, кеспейін бе?Қазықтағы қара тайдыШешейін бе, шешпейін бе?
Қара жерде қайық жүре ме,Қара жердің қайығы түйе ме?
Қарға, қарға, қарғалар,Қар үстінде жорғалар.
Қыс қатты-ақ,Қыспаққа-ап.Құс тоңып жүр,Қыстап қап.
Қыс түсті, қыс қысты, құс ұшты,Қыс түсті, қысқы істі, қыста істе.
Қырық құрықтықСырық қырықтық.
Қара бүркіт томағасын түсіреді,Оны мен томағаламай,Кім томағалайды?Оны мен томағаламай,Кім томағалайды?
Қақпаға оқтай тақтай қақпақ,Қақпаға оқтай тақтай таппақ.
Қалдың ба байқамай,Озған қай тай,Қалған қай тай?
Лама жайын білдің бе?Лана гүлін тердің бе?
Лаула алау лаула,Алауласын аула.
Мынау арал қай арал?Қайың менен тал арал,Талға қарға ұялар.
Мына сайда отырған бай БағланбайБұл қай бай Бағланбай?Бұл қай бай Бағланбай?
Маған сенсең, көк сеңсең көп сеңсең,Өзгелер сенбесе сенбесiн, маған сен сен.
Маған аға:«Шықшы,– деді,– бағанаға».Маған аға:«Шықшы,– деді,– далаға да!»
Мергеннің еңбегі – ерлігі,Ермегі – еңбегі.
Мынау тұрған неменелер?Неменелер дегенің шөмелелер.Төбедегілер де шөмелелер.
Мұзға мұз ұқсас,Тұз – тұзға ұқсас,Мұз да, тұз да ұқсас.
Малға,Шөп керек,Шөп көп керек,Көк шөп керек.
– Мынау балқаймақ қай балқаймақ?– Бұл балқаймақ – май балқаймақ.
Малтам бар қалтамда,Бір қалта арқамда.
Нақаш ағасы – нағашысы,Нағаш – Нақаш нағашысының нағашысы.