Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Айдын көлде саңқылдап,Аққу жүзді таранып.Ауық-ауық жақындап,Анадайдан қарадық.
Ақ лағым семіз,Ақ ала лағым сегіз,Ала лағым да семіз,Ақ лағым да сегіз.
Арал, арал, арал бар,Бара алар ма балалар?Батыл бала бара алар,Аралдарды аралар.
Ақ матадан ақ мақта ақ па?Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
Ақ тай ақ па?Қара тай ақ па?
Ара-ара аралар,Орманның бәрін аралар,Гүлдерден сорып бал алар,Алысқа ұшып бара алар,Бал тәтті ғой, балалар.
Ақ тайлағымды бұйдалайын десем,Бұйдалай алмадым,Шудалайын десем,Шудалай алмадым.
Ақшамда жаққаныңКөк шам ба?Ақ шам ба?Мейлің қайсысын жақсаң да!
Айыр атанды жүк қартайтар,Семіз қойды май қартайтар.Күйгелек менің атамды,Жас қартайтпас, ой қартайтар.
Ақ доп,Соқ, теп.
Алты алманы алды Алма,Алды алманы Алдан да,Алдан, Алма алды алмаАл, есебін, алданба.
Әсем билегендерiн де көргемiз жоқ,Шешен сөйлегендерiн де көргемiз жоқ.
Әсел әсем бе,Әсем әсем бе, Әсел әсем бе?
Әмір әбігер, неге әбігер?Әділ әбігер, неге әбігер?Әмір мен Әділдің әбігеріндейӘркімнің әбігерлігі бар.
Әнуар – өнер түлегі.Әдемі етіп тігеді.
Әпендіше Әкімнің,Әкелді де әлгінде,Әпкесінің әтірінӘлек шашып әркімге.
Әсен әсем билеймін деп әлек,Қасен шешен сөйлеймін деп әлек,Қашан Қасен шешен сөйлеп еді?Қашан Әсен әсем билеп еді?Әсем билегендерін де көргеміз..
Әй, Тайқарбай, Тайқарбай,Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай!– Тайқарбай, Байқарбайларың толып жатыр,«Әй, Тайқарбай» дегенің қай Тайқарбай?
Әріпте бар,Әдепте жоқ.Жерде бар,Селде жоқ.
Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген,Әдепті әділдікке әдеттенген.Әдетте, әділдік те әдептіден.
Басшы асшыға: «Есiк ашшы», – десе,Асшы басшыға: «Тұздығы да ащы», – дептi.
Базардан алып келген ала боқжама,Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды,Мен боқжамаламай кiм боқжамалайды.
Берiп тай, лақты,Алдым тайлақты,Берiп тайлақты,Алдым тай, лақты.
Бүлдiргендi Бүлдiрген,Күлдiргендi күлдiрген,Күлдiргенде БүлдiргенБүлдiрiп ап күлдiрген,Дейдi екен ендi бүлдiрмен.
Батырға қай көлiк сай көлiк?Батырға сәйгүлiк сай көлiк.