Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Ара-тұра тал арала,Тал ішінде талар ара.Ара-тұра қала арала,Таппай сені қалар ара.
Маймылдың тісі тіс-ақ,Түсі түс-ақ.Істеген ісі іс-ақКісі құсап.Бірақ ұсақ,Ұсағы ұсақ!
Балақты қырық түрік түріп-түріп,Жүгірді қырық түрікТұрып-тұрып.
Сүйініш ауырса бір,Үй іші абыр-сабыр.Қылмайтын абыр-сабырОдан да тәуір Сабыр.
Атам:«Балама ат аламын», – дейдi.Апам:«Балама ала мата аламын», – дейдi.Атасы ат ала ма?Апасы ала мата ала ма?
Атам томағаламаған бүркiттiМен томағаламағанда,Кiм томағалайды?
Алпыс алты ала баспақ бақтым,Алпыс алты ала баспақтың iшiндеТарғыл тарбақ басы ақ баспақ бар.
Сол тарғыл тарбақ басы ақ баспақтыМен тарғыл тарбақ басы ақ баспақ демей,Кiм тарғыл тарбақ басы ақ баспақ дейдi.
АсқатЖамап-жасқап,Жасапты ақ сапты аспап.Ақ сапты аспабы –Жап-жақсы аспап.
Арғы арал, бергi арал,Ол аралдарды жайлаған мал аралар,Қырдың қызыл түлкiсiн қырағы алар.
Алты қотыр ақ атанғаАлты қолтық отын арттым.
Арықтың бәрi ғарып емес,Ғарыптың бәрi арық емес.Ал Әрiп арық та емес,Ғарып та емес.Барып көр, берiп кеңес.
Айланбадан арба айланып барады,Арбадағылар айбарланып барады.
Асан әсем билеймiн деп әлек,Хасен шешен сөйлеймiн деп әлек.
Атпақ ек бiр-бiр құр,Қу екен құр құрғыр.Таптырмай қырдан құр,Қайттық бiз құрдан-құр.
Араның тісі қыши ма?Баланың қолы қыши ма?Ара тісі қышымаса,Балаларды шағар ма?Бала қолы қышымаса,Ойыншығын шағар ма?
Ағашты ол бұтарламағасын,Мен бұтарламадым.Ағашты мен бұтарламағанда,Кім бұтарлайды?
Асқаржаным –Ашқарағым,Асқа барыңБастан мәлім.
Ағама ат тағалаттырдым,Жеңгеме жалын тазалаттырдым,Апама тоқым жаңалаттырдым,Өзім бәрін қадағалап тұрдым.
Алатауда неше шың бар?Қаратауда неше шың бар?Алатауда бір мың шың бар,Қаратауда бір мың шың бар.
– Анау арал қай арал?– Қайыңды арал, талды арал.Ішінде бұзаулы ала марал.
Ауылым жоннан көшсе,Сай құлдилар.
Аршабек арша деп шыршаны,Шыршабек шырша деп аршаны,Шатасты күлдіріп баршаны,Шырша деп, арша деп шаршады.
Арғы арал, бергі аралОл аралдарды жайлағанБал аралар.
Ақ тайлағым –нар тайлағым!Нар тайлағыма:– Атан боларсың! –деп айқайладым.