meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Aлмa тepiп бaлaқaйлap,Aлaқaйлap,Taлaпaйлap.
Шемішке шақсаң шақ,Шапшаң шақ.Шөбіңді шапсаң шап,Шапшаң шап.
Шамалы шыршасы шырайлы,Шынары шінәра ұшырайды.
Құрысын шу!Құрысын шу!Жетеді бір ішім су,Бетіңнің шырышын жу!
Көрмеген үш қысКөкеңді ұшқышҚұшақтап қыс, құш,Құш, қыс!
Шеше, кеше неше есе кесе көп
алдыңыз?
Шеше, кеше неше есе кесе кем
алдыңыз?
КөшКеш келді.БесЕшкі өлді.
БалаңаАлшаАлсаБолады?ДорбаңаҚаншаАлшаСалсаТолады?
Шөжем деп шешесі бәйік,Шешем деп шөжесі бәйік.Шешесі шөжем жесін дейді,Шөжесі шешем жесін дейді.
Тостақтан іші кішіTic қаққан күшік ішіп,Бос уақта тісі қышып.
ҚаусатыпҚұс атыпҮш жыл,Түсірдім жүз шажа, жүз шіл.
Қазанда шұжық жүр,Үш шұжық жүзіп жүр.Шұжықшыл Жүсіп жүр,Шұжықты сүзіп жүр.
Ісіңе сен кеш кіріссең,Тындырмайсың еш бір іс сен.
Әсірелеңкіреген екенДемеңіз,Аса ірілеңкіреген екенДенеңіз.ӘлсіреңкіремейДенеңіз,ӘсірелеңкірегенДемеңіз.
Тымақ киіп қасқа басқа,Міндім мен басқа қасқа.
Шірік сырық,Қырық құрық па?Қырық сырық,Шірік құрық па?
Менің нем кем деп ең,Бер үйді ең кең деген.Бер үйді ең кең деген,Менің нем кем деп ең?!
Мен шоң ба сонда, сен шоң ба?Кім кіші, шоңы кім сонда?!
Ақынның батылдылырағын айт,Батырдың ақылдылырағын айт.Ұстаздың сабырлылырағын айт,Шәкірттің алғырлылырағын айт.
Көбейсін атұстар,Болмасын атыстар.Болса мол атыстар,Қалмайды атұстар.
Боламыз атама таң:Бір қызық адам атам.Мінеді атам атан,Мінді деп атан атам,Айтуға бата ма адам!
Жолға ол да жорға алады,Жорға жолда зорға жорғалады.
Алма алма, бал ал!Жая алма, Жал Ал!
Қожаш шашынСапашқа алдырды ма,Сапаш шашынҚожашқа алдырды ма?
Досқа дос қол бұлғайды,Қасқа қас қол былғайды.