Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Танаш аға «Тамашаға» келді,Танаш аға «Тамашаға»Бала-шағасымен,Нағашы ағасымен келді.
Кәкіш картаданАҚШ-ты атүсті көрсетті.Жәкіш АҚШ-ты көрсете алмай,Сары плащты Сақышты көрсетті.
Құндыздым өзім күндіз көрдім,Сол құндызды көрген түні түнде із көрдім,Құндызды күндіз жүз көрдім.
Ол бір ән айтты,Мен бір ән аттым.Мен бір ән айттым –Домбырамен айттым,Ол бір ән айтты —Болбір бір ән айтты.
Гүл өсірген дұрыс па?Ұл өсірген дұрыс па?Тіл өсірген дұрыс па?Құры есірген дұрыс па?
Қырықтықта қырық қой қырықтым,Қырық қой қырыққан соңМенен қырық қой үрікті.
Шабан атты тағалаттым,Тағалаттым да,Шабан атты,Өзенді жағалаттым.
Циркте қонжық қоңжықты он жықты,Он жыққан қоңжық шоң мықты.Он жығылған қоңжық көндікті.
Он бөгелекке,Он көбелек келіп қосылды.Он бөгелек он бөлек,Он көбелек он бөлек кетті.
Көкен көсіліп сөйледі,Көшен оған қосылып сөйледі.Көшен оған қосылып сөйлеген соң,Көкен тосылып сөйледі.
«Канадаға да барам » -- деп,«Панамаға да барам» -- деп,Канада да бара алмай,Панамаға да бара алмай,Маман аға Саваннаға кетті!
Қазанға ас салмақшы еді,Азанда ас қамдамақшы еді.Бірақ, қазанға ас сала алмадым,Азанда ас қамданылмады.
Жарда қарға қарқылдады,Қарға жарда қарқылдады.Расында жарда,Қара қарға қарқылдады.
Кілт іздеген қара шал,Бұлт іздеген Бағашар.Бұлт іздеген жараспас,Кілт іздеген жарасар.
Масаны шыбын шақты,Маса масаға мұңын шақты.Құлыншақты да шыбын шақты,Құлыншақ бұрын шапты.
Көсе көсеге көсеу көрсетті,Көсе көсеге неше көсеу көрсетті?Көсенің көсеге көрсеткенКөсеуі – бесеу.
Бұл пілОл пілге ұмтылды.Ол пілОл пілге ұмтылды.Бұл пілге ұмтылды.Бір піл іркілді,Бұл піл іркілмеді.
Үміт түбіт түтті,Түбітті түтіп бітті.
Қаспақ,ҚаспақТолық тостақ.Асқат жедіҚаспақ.Тостақ толыҚаспақЖақсы-ақ!
Қар аппақ, дала аппақ-бәрі аппақ....
Қыс қыспаса, қыс па?Құс ұшпаса, құс па?
Бұл қар – сұр қарСұр қар – кір қарҮстінде ойнама,Үстіңді былғар.
Мұртты мұртын сүртті,Мұрттыны біреу түртті.
Ала қарға қарға қонды,Қара қарға жарға қонды.
Ақ шар бар,Көк шар бар,Көп шар бар,Төрт шар бар.