Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Қажымұрат Қожамұратов па,Қожамұрат Қажымұратов па,Қажымұрат пен Қожамұрат – Қазымұратов па?
© Жәди Шәкенұлы
Петрапауыл – бек кір ауыл, бекірелі ауыл,Павлодар – даулы ауыл, дауылды ауыл.
© Жәди Шәкенұлы
Дастархандағы талқаннан Дархан тарахан көрді,Тарахан тас-талқан болған Дарханды көрді.
© Жәди Шәкенұлы
Шалғыдан шалдықтың ба,Шалдықтан шалдықтың ба.Шалғы тарқан шалдықтан жалықтың ба?!
© Жәди Шәкенұлы
Құлдар құр алақан тұрар ма,Құлдарды күң Гүлнар мен қу Құмар құр алақан қылар ма?
© Жәди Шәкенұлы
Ағалар аға бола алар ма деп,Балалар баға қоя алар ма екен.Балалар бағаға бара алмаса,Ағалар аға бола алар ма екен.
© Жәди Шәкенұлы
Жандарбек жыланды көріп жыларманға жетті,Жылан Жандарбекті көріп жыра – арнаға кетті.
© Жәди Шәкенұлы
Тұтқыр сөзді айтпасаң «тұтыққыр» дейді,Ұтқыр сөзді айтпасаң «ұмытқыр» дейді.Тұтыққыр, ұтқыр, тұтқыр, ұмытқырды айтпасаң,«Дым құртқырды жым-жырт қыл!»..
© Жәди Шәкенұлы
Бұқалар бұқараларға жүгірді,Бұқаралар бұқаларға жүгірді.Бұқалар мен бұқараларға бір қара нар жүгірді.
© Жәди Шәкенұлы
Еті тірілер ептілермен бірігер,Ептілер мен еті тірілер елге бірдеме бітірер.
© Жәди Шәкенұлы
Тіреуішке түйрегем түйреуішті,Күлдіреуішке тірегем тірегішті.Түйреуішім тіреуішке түйрелмепті,Күлдіреуішке тіреуім тірелмепті.
© Жәди Шәкенұлы