meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Көк сеңсеңнен көп сеңсең жоқ сен сенсең,Соның бәрін жарар еді еңсерсең.
Бала бал арасын қуалады,Бал арасы баланы қуалады.
Елеусіздік елеуіші елегіш емес,Елеместің елеуіші елегіш.
Қырық құлып, Қырық құрық.Құлып та қырық, Құрық та қырық.
Біреуі – көрікті кісі,Біреуі – бөрікті кісі.Көрікті кісі зорықты,Бөрікті кісі қорықты.
Әй,Тайқарбай,малыңды жадыраға жай Тайқарбай,-Әй,Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай.
Әй,Тайқарбай, Тайқарбай,Қойыңды Майқараға жай Тайқарбай!- Тайқарбай,Майқарбайларың толып жатыр,Әй,Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?
Торта қойдым,Орта қойдым,Орта қойдым,Жорта қойдым.
Беріп тай, лақты,Алдым тайлақты.Беріп тайлақты,Алдым тай, лақты.
Есет атам ет асатар,Ет асатса, бес асатар.
Анау арал, қай арал?-Қайыңды арал, талды арал.Ішінде бұзаулы ала марал.
КөктемедеКөк пе төбе?Көк төбеде –Көп бетеге,БетегегеКөк жете ме?
Көк шөп көрікті ме,Көп шөп көрікті ме,Көк кер көрікті ме,Көк көл көбікті ме,Көк бел келісті ме,Көп тер жемісті ме?
Бала мысықты ана мысық,Ана мысықты ала күшік.Ала күшікті қара күшік,Талаймын деп барады ұшып.
Шөжелерім шөптесінде,Шөптесін де шөп жесін бе,Шөп жемесе, кет десін бе –Аулағырақ беттесін де,Құрт-құмырсқа ет жесін де.
Құлатай, құбатай,Құлатай мен құбатайдыҚұлақтай алмағанныңҰяты –ай!
Тұрған қара қабақта,Жабысқан жауыр қара атқаСауысқан – ала қанат па?Алыстан ана ала қанатқаТас ат!Қара атқа жолатпа.Арқасын қара аттың талатпа
Қойым көп пе,Қозым көп пе?Қойша төлдерОйым көп пе?Қойым бетте,Қозым шетте,Ойым көкте.Қой мен қозымТойды көкке!
Кенеремен кенерелеп келдің бе,Кенереден көп ебелек көрдің бе?
Алқап астық. Аптап-а!Жұмыс қауырт қат-қабат!Астық жинап қаптап ап,Таппадық бәр сәт тағат!
Сырғауылдың басынаҚырғауыл қонды.Қырғауылдың сырғауылдыңБасына қонғаныНұрғабылға оңды болды.
Мұртынан күлуге жөн бе екен,Сыртынан күлген жөн бе екен?Сыртынан күлген өзге тең!Мұртынан күлген оңды екен!
Таудан тұман түсті,Таудан Жұбан түсті.Тұман түскен соңБір аң түсті,Арқасы қылаң түсті.
Барған жері Омбы болды,Омбы болғаны оңды болғаны.Омбыға барғаны жөнді болды,Омбыда жүріп әдемі тоңды болды.
Есет есекпен тепеңдеп келеді,Есекке Есет не тең деп келеді?Есекке Есет ет тепеңдеп келеді,Ауылға тез жетсем деп келеді.