Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Тортты ұнатамын торы ала атым,Ала қарға түстес қара ала атым.Астымда болса, асудан асып,Шамам бар қасқыр қаға алатын.
Торы атты да жараттым,Кері атты да жараттым.Тынысы кең торы аттың,Екпіні зор кері аттың.Тұлпар тағаланулы,Тұйғын томағаланулы.Таңырқарлың тапқырлық..
Тұмсығы балғаға айналар,Балғасы қайлаға айналар.Қайласы қайыңға қайралар,Тоқылдақ тоғайлы сайда бар.
Тысы тым көрікті,Үкілі үш бөріктіҮлестір деп беріпті.
Уатушы УәлидіУәзирамыз уайымсыз.Уілдейді Уәлиі,Уақыт уәжсіз Уәлисіз.
Ұрыспаз, ұғымтал-ұғымпаз,Ұғыспаз, ұрыншақ-ұрынпаз.
Ұстара, ұстара!Ұстара мұрт алуғаҚұштар, ә!Құштар, ә!
Ұстара, ұстара!Шаш алуға құштар, ә!Құштар, ә!Ұстарада күш бар, ә!
Ұшы үшкір, ұшқыр үш жебе алдым,Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.
Үйге кіріп киім ілді,Сыртта шешіп, үйде киді,Бірін тастап, бірін киді.
Үйреншікті істі,Үйреткішсіз-ақҮйреністі.
Үлгілілік — үйретуден.Үлгерулік - үйретуден.Үлгілілік - үздіктен,Үздіксіз үйретуден.
Фархат ферғаналық Фазылов,Фатих фрунзелік Фазылов.
Хатипа менХатипаға,Харьковтегі ҚамарғаХамит ағаХат жазғын, — деді
ШағалағаКамал ағаҚадала қарады.Камал ағаШағалағаҚалада емесДалада қадала қарады.
Шақпақ тасты, аппақ тастыШақпақшы шалШығып, шашты.
Шақшалы шал бақ шарлар,Ақ шашты шал ат байлар.
Шалбарын тапса,Байпағы жоқ.Байпағын тапса,Қалпағы жоқ.Салаққа мұндайАйтарым жоқ.
Шекілдеуікті шаққыштар,Шөпшекті жаққыштар жақсыншы.
Шеңгел! Шеңгел!Шеңгелге енген де,Шеңгелде сенделген деЕріншек Ерден бе?
Шешендер шебер,Шынайы шенер.Шенелген шіркін,Шөмиіп шөгер.
Шешесі қыз іздеп барады,Көкесі біз іздеп барады.Ағасы тұз іздеп барады,Баласы көшеде: «ыз...ыз...ыз!» деп барады.
Шыбыс дыбыс шығарды,Шығысқа шыбыс ығысты,Қасқыр шыбысқа қарай жылысты.
Шымшық шымшықты шымшылады.ШымшықтарТыныштықты тыншымады.
Шырша сыпырғыштыңҰшы шырпылсыншы.Барша сыпырғыштыңҰшы қырқылсыншы.