Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Ара, ара, аралар,Ара алысқа бара алар,Бала арадан бал алар,Балды жалар балалар.
Ақ мақта ақ қарда аппақ па?Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?
Ала бие құлындады,Қара бие құлындамады.Әжем соны ырымдады,Атам оны ырымдамады.
Ала тайды - балақай мініп жүр.Ала тай балақайдың мінгенін біліп жүр.
Ат жарыс —Бақ жарыс.СыналарАр-намыс.
Аталар,Әжелер,Ағалар,Әпкелер,Апалар,Балалар -Әр әулеттеБар олар.
Атпақ ек бір-бір құр,Қу екен құр құрғыр.Қалдырмай қырдан қыр,Қайттық біз құрдан-құр.
Әбдестесі - қолында,Әбестігі жоқ оның да.
Әбдіраман Әбдіреден алды роман.- Ал оқы, - деп тыңдай қалды оған.
Әбзел әбзелдессе, әзілдесіп әбзелдессе ғой.
Әдейілеп әдемілеңкіренген әшекей әдемі.
Әдепкі әдемі әдепке әдеттенгенӘбестік әбілет әдетке әдеттенбейді.
Әдепті әділдікке әдеттенген.Әдетте, әділдік те әдептіден.
Әдіпті әдемі әдіптейтін әдісшілІскер ісмер кім, таныс, біл.
Әз әженің әжімі де әжептәуір.
Әзілшіл жездеммен әзілдессең азырақ,Әзірліксіз-ақ әдемі әзілге әзір-ақ.
Әріп әліпті әліптеме дей ме?
Әсем әсерсізді де әсерлеп әсемдейді.
Әжем әбігерленіңкіреп жүруге әдеттенген бе?
Әукім-әукім, әукелім,Әудем жерде өріс бар,Әр түрлі шөбі көп тау керім.
Әжемнің әспеті -Әуелден әспетті.
Әуесқойлыққа әуестенгенӘншінің әуені де әулекі.
Әупілдек әупірімдеп,Әуес пе әлде көлдеӘупілдеуге «әуп, пірім» деп.
Әжем үш әшмүшке шай алдырдыӘзер-мәзер дегенде шөл қандырды.
Әтеш пен бөрте серкеш шекісті,Әтешке көзін шұқытқан бөрте серкештің де,Әкіреңдеген әтештің де беті істі.