Бөлім: «Жаңылтпаштар жинағы»
Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды. “Қамаштан көріп қалашты, Қалашқа Жарас таласты, Бөлінсін десең қалаш тең, таласпа Жарас Қамашпен” сияқты тәрбиелік мәні зор Жаңылпаштар бала бақшалар мен мектептерде жиі қолданылады.
Астапыралла, найзағай шатырлап жарқ етті.Астан-кестен нөсер құйып сатырлапАспанды осқан найзағай от жалт етті.
Асығын Асан:- Алшы түс, - деп иірді,Асықпай сақасын шиірді.
Ауаннан жүр аулағырақ,Адалдықтан аума бірақ.
Аусарлау аусар,Аусарланса, нені аңсар?
Ауыздықпен алысқан арғымағыАрнасы кең арықтан қарғымады.
Ауылда асық ойнап, қозы бақтым,Ауылдастан тай бәйгеде озып ақтым.
Ауытқыш ауытқушылыққа араша тұра ма?Ауытқушымен тіл тауып жараса тұра ма?
Аша ағаштан ашамайдыАйшықтап неге қашамайды?
Аша мұрт шаяндыАсауға балықтар таянды.
Аңпаңылатып, томпай ойнап жатқанда,Айтақырдағы асықшылар оп-оңай тапқан ба?
Атырапқа сары күз кеп,Ағаш жапырақтары саудырап,Аунады топыраққа қаудырап.
Ауан аңқаулау дуанадай ма,Аужайлап бақсыша қуалай ма?
Аша тұяқ аңдар даАялдады аршалы аңғарға.
Ашаң бойлы жасаң АшаханАшамайды қашан жасаған?
Ашқарақтанған ашқарақ он ұрланып,Ашығыңқырағасын ас ішіпті обырланып.
Аюбарам ырғайдыАю ғана жырғайды.
Аюбалдырған шатырланып гүлденіпті,Азықтың собығы түйнектеліп, Айшықты түрге еніпті.
Аяғыш ағасы бардың -Аясы кең жағасы бар.
Аяз Ата аязданып келе ме,Аяздың өзін маздатып келе ме?
Аяң-табақ араласын аяң сытпаған ағайынАзаматын алалап саяқсытпаған ағайын
Аялдап ғарышқа, Аяқ асты жолықтым да Барысқа,Ауыздықтап қосылдым жарысқа.
Аянкес айлашыл АсанАянкестіктен арылады қашан?
Аяңшыл аттарменАяңдасатындар алаңдаАттарды аяңдаттыртсыншы.
Аяусыз айыпталғанды,Аяғы баңтан тайып ңалғанды,Аяулы адамдар ғана аяйды.
Ала жаздай, бал араларыДала аралады, сай аралады.Шүпілдеп тұрған шаралардағыМысқалдап жиған сары ала балы аппақ па?