Бөлім: «Ақын өлеңдері жинағы»
Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
* * *
Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің,Бір жарқ етер, ерте ме, кеш пе өлеңім.Түсіне алмас жанымды жүрген дос та,Ойық-ойық көңілдің кестелерін.Ерте барып мұңыма..
© Роза Сейілхан
ҚОҢЫР
Жүректі тербеп қоңыр ән,Қоңырқай мұңмен жолығам.Қоңыр күз, қоңыр жапырақ,Түсімді саған жорығам.Меселі қайтып мелшиген,Бар болсаң бақыт, келші..
© Роза Сейілхан
* * *
Жылт етпей қойды жақсы үміт,Есалаң күйден мезі еді ол,Қатпарын мидың тарсынып,Санасыз ойды кезеді ол.Ақылды жеңіп мұң деген,Арманды кетті ада..
© Роза Сейілхан
БАҚДӘУЛЕТКЕ
Балапаным, кішкентай жарық күнім,Сенсіз өмір сүргенім бекер менің.Тәй-тәй ботам, жүруден жалықпа ұлым,Тәп-тәттім-ай, бал ма едің, шекер ме..
© Роза Сейілхан
ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫНА
Алматы қарсы алған жоқкүліп мені,Есімде үмітімді үгіткені.Қаланың қатыгездеу тіршілігі,шығарды қанша ма рет сілікпені.Сол кезде дем..
© Роза Сейілхан
ӨКІНІШ
Ертіс,Сен қалай ағасыңТүнеріп,Қап-қара мұң көрдімКөзіңнен.Жағаңа қайтедіҚойса егер гүл егіп,Мұң емес,Гүл егіп төзімнен.Көз жасым ағадыШүпілдей..
© Роза Сейілхан
ӨЛЕҢ, КЕШІР
Саудаға салсам, кешірСені өлеңім,Сенімен деп ем,Көктеп, көгеремін.Өңменнен өтіп кетсе,Шарам қайсы,Киізі шұрық тесікКерегемнің.Өзіммен өзім..
© Роза Сейілхан
МАХАББАТ БИГЕЛДИЕВКЕ
Біраздан мәлім еді есіміңіз,Жақсыға ашық дейді есігіңіз.Қанымда жағымпаздық жоқ жан едім,Сізге енді жыр арнасам, кешіріңіз.Өлеңмен өтемекпін..
© Роза Сейілхан
ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕККЕ
Есаға, есіл ағам-ау,Бәрін де есіме алам-ау.Алдыңда болса айыбым,Кешірші, кешір ағам-ау.Баладай жаныңды көргем,Шарасыз хәліңді көргем.Ақын ең, амал..
© Роза Сейілхан
ӨСКЕМЕНГЕ
Табиғат берген қала сыйын үйіп,Ойлантпай қоймайды екен шыңы биік.Қазақтың жүрегі мен пейіліндей,Бұралып бал қарағай тұр иіліп.Таңырқап бұл ғажапқа..
© Роза Сейілхан
ҚЫРЫҚТАМЫН
Сұрасаң қыздың жасын қырықтамын,Білемін, Құдай сүймес қылықтамын.Құраумен келем әлі быт-шыт болып,Шашылған сезімімнің сынықтарын.Сұрасаң сұрай берші..
© Роза Сейілхан
ОРАЛХАН БӨКЕЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ
Мазаны ала берді күдік келіп,Дос анау бірін-бірі жығып беріп.Алдымнан бір тосқауыл шығады, аға,Жүргенде жақсылықтан үміттеніп.Өлген соң айтыла ма..
© Роза Сейілхан
АҚТАРЫЛУ
Шаршағам, жабырқағам,өмірдің заңын ұғып,Таңдар да әлі атпағансыйлайды жаныма үміт.Бүгінгі күннен безіп,Ертеңге емексимін,Тұрса да, санам..
© Роза Сейілхан
Нала мұңым...
Нала мұңым,Аңсап жүр дала гүлін,Ақ арыма дақ түсті,Аттамай-ақ ешкімнің ала жібін.Сенделемін,Бар күнәм жерде менің.Ұғуға да..
© Роза Сейілхан
СӘЛЕМДЕСТІМ...
Сәлемдестім бау-бақшамен,Көк желегін жайып тұрған.Осы көктем емес пе еді,Мені мұңнан айықтырған.Тамашалап қыз – көктемді,Еске түсті бала..
© Роза Сейілхан
БАҒАЛАМАДЫҢ
(Әні бар)Білмеймін,Күн кешемін қайда барып,Жанымды ұқпағаныңАйдан анық,Еріксіз мені өзіңеТарта бердің,Көрінбес сезім жіпке,Байлап..
© Роза Сейілхан
Нұр тілеп....
Нұр тілеп көлеңкедей күн аңсаған,Көктемдей көңілім бар гүл аңсаған.Мен сені ұмыта алмай қойдым десем,Біртүрлі естілетін шығар саған.Біртүрлі..
© Роза Сейілхан
ӘЖЕ
Әже, мен бүгін айналғам анаға,Көре алмай кеттіңіз өкінем.Қаншама уақыт өтсе де арадаҚазір мен мықтымын, бекігем.Сіз жайлы ойланам, отырып..
© Роза Сейілхан
БАЛАПАНДАРЫМ
Балапандарым,Жанымның жарығысыңдар.Жүрегімсіңдер,Менің бар тамырымсыңдар.Шөлімді басар сусыным,Жабыққан шақта,Жігерімсіңдер,Өздерің..
© Роза Сейілхан
ӨЛЕҢ
Теңіз өлең, толқышы тағы да бір,Көктем өлең, ексеңші жаныма гүл.Жаңбыр өлең, селдетіп жауа берші,Өмір өлең, мұңыма, зарыма үңіл.Тұнық өлең, ойыма..
© Роза Сейілхан
ӨЗІМДІ ЖЕК КӨРГЕНДЕ...
Өзімді-өзім жек көрген кездерім көп,Осыншалық апыр-ау, арсыз ба едім.Селт етпедім, түкті де сезгенім жоқ,Жоғалтып ап, ұятымды қанша іздедім.Кешір..
© Роза Сейілхан
ТУҒАН ЖЕР
Туған жер,Жүрегімнің тамырысың,Бір сәткеСарқылмайтын бар ырысың.Куәсі балалығым, жастығымның,Өзіңсіз басылмайды сағынышым.Көкшетау,Анау жатқан..
© Роза Сейілхан
ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН
Қазақтың қызымын,Бойында қызу қаны бар.Қазақ деп соққан жаны бар.Жанатын түбі бағы бар.Ажарын билер ақылыБетінде ұяты, ары бар.Қазақтың қызымынтанып..
© Роза Сейілхан
ӘН САЛЫП ЖАТЫР ҚАР ӘППАҚ
Шыңылтыр аяз, мүлгиді қала,Ән салып жатыр қар әппақ.Қайыңдар билеп бір биді ғана,Бозарып атты таң әппақ.Келмесін біліп жылауға шамам,Жазғырдым сені..
© Роза Сейілхан
***
Ештеңені сезбейді ғой деп пе еңдер,Еш нәрсені білмейді ғой деп пе еңдер.Менің жаным көлгірсуді сүймеген,Оған куә, тау менен тас, көк пен жер.Бәрін..
© Роза Сейілхан