meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Ақын өлеңдері жинағы»

Өлең – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыка өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өлеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Өлең лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философия түрлерге жіктеледі.
Кәрілік туралы
Кәрілік қонақ екен «жүр!» демейтін,Мүшеңді сылып, кеміріп үндемейтін.Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы -Тобына қыз - бозбала кір демейтін.Ағайын тату..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрілік туралы
Ұлғайып қартаяды жастан адам,Әуелі қартаяды бастан адам.Жеткенін кәріліктің ескермейді,Көңілі өсіп, мейманасы асқан адам.Кәрілік қартайғанда бастан..
©  Шал Құлекеұлы
Бұл дүниенің мысалы
Бұл дүниенің мысалыҰшып өткен құспен тең.Өмірде көрген жақсылықҰйықтап өткен түспен тең.Атадан мирас ақылың,Түзік айтқан мақұлыңЛәзім болған іспен..
©  Шал Құлекеұлы
Алпыс бір мүшел келді мерттей болып
Алпыс бір мүшем келді мерттей болып,Өтпедің сол мүшелден серттей болып.Кешегі дулап жүрген ер Құлеке,Су тиген, сөне қалдың өрттей болып.Астынан көк..
©  Шал Құлекеұлы
Шаруа туралы
Қазаққа пайда мынау малын бақсын,Отқа жайып, суарып бағып - қақсын.Ұлда бір көз, жалшыда екі көз жоқ,Соқыр кісі мал жайып қайдан тапсын?Байлар малын..
©  Шал Құлекеұлы
Қыздар туралы
Жиырмаға жеткен қыз кәрі болар,Өңі кетіп шырайы сары болар.Ер елуге жетсе де айыбы жоқ,Әр уақытта біреудің жары болар.Қыз он беске келгенде мау..
©  Шал Құлекеұлы
Келін жақсы болса
Келін жақсы болса,Үйіңе көп кісі келеді.Келін жаман болса,Келген кісі кеткісі келеді.Ас құй десең, төккісі келеді,Төкпей құй десең, сөккісі келеді.
©  Шал Құлекеұлы
Шал ақынның көңіл айтқаны
Бұл өлім қайда жоқ:Жарқыраған айда жоқ,Күркіреген күнде жоқ.Өтері өтіп кеткен соң,Мың теңгелік қайғыданБір теңгелік пайда жоқ
©  Шал Құлекеұлы
Қоғалы көл, нар қамыс
Қоғалы көл, нар қамыс,Қар үстінде от жанар.Баласы жаман туғанныңӘкесін түйе үстінде ит қабар.
©  Шал Құлекеұлы
Ата-ананың қадірін
Ата-ананың қадірінБалалы болғанда білерсің.Ағайынның қадірінЖалалы болғанда білерсің.Дәулетіңнің қадірінМал кеткенде білерсін.Маңдайдағы дұшпандыТап..
©  Шал Құлекеұлы
Қона берсе, жерің азар
Қона берсе, жерің азар,Шаба берсе, елің азар.Жасай берсе ерің азар.Ерің азған кезінде елің азар.
©  Шал Құлекеұлы
Дүние деген шолақ депті
Дүние деген шолақ депті,Жан кеудеге қонақ депті.Ақырет деген бір киім,Алып қайтар сол-ақ депті.
©  Шал Құлекеұлы
Өлімнен құтылмайсың, қашсаңдағы
Өлімнен құтылмайсың қашсаңдағы,Атадан арыстан туып ассаң-дағы,Алладан шыныменен бұйрық келсе,Жұлдыз да жерге түсер аспандағы.Жігіттер, ғибадат қыл..
©  Шал Құлекеұлы
Бір байдың жалғыз баласы өлгенде айтқаны
Жарға біткен жаңғақтыЖаннан безген жан жейді.Қабырғадан саз кешіп,Жүк сүйреген нар жейді.Кеудесінен оқ тисе,Іздемеген ер дейді.Өткен қайтып..
©  Шал Құлекеұлы
Ағайын жат болады, алыс болса
Ағайын жат болады, алыс болса,Жат та жақын болады, таныс болса.Дұшпан түгіл. Достарың табалайды,Аяғың бір нәрседен шалыс болса.Жаманға дәулет бітсе..
©  Шал Құлекеұлы
Кәрі өлсе, соққан дауыл тынғандай-ақ
Кәрі өлсе, соққан дауыл тымғандай-ақ,Жас өлсе, бәйтерегің сынғандай-ақ.Жігіттер, жас уақытты босқа өткізбе,Дағдыр деген көз ашып жұмғандай-ақ.
©  Шал Құлекеұлы
Тоқтыны ұстауға шамасы жетпегенде айтқаны
Бір жаста, екі жаста бесіктемін,Бес жаста тәңірім берген несіптемін.Алты жаста қайыңның тозындаймын,Жеті жаста ойпаң жер бозындаймын,Он жасымда сүт..
©  Шал Құлекеұлы
Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар
Бақыт, дәулет, мал бітерде ырыс қонар,Ынтымағы ағайынның дұрыс болар.Бала пайда күнем болар,Жалшы жауынгер болар.Келін епті болар,Көп көрініп жау..
©  Шал Құлекеұлы
Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі .Бөріге қой алдырмас ердің ері.Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса,Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері.Арам болса..
©  Шал Құлекеұлы
Белбеу орнына жіп берген тоқалына
Беліме жіп буындым , белбеусізден,Жігіттер , қатын алма көргенсізден.Жігіттер , қатын алсан көргенсізден,Ғазыз басың қор болар тергеусізден.Қолыңда..
©  Шал Құлекеұлы
Қартайғанда айтқаны
Қатын мен бала деген дұшпан болды,Екеуі екі жақтан қысқан болды.Келін деген біреуі және шығып,Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
©  Шал Құлекеұлы
Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім
Қатты - құттыға өтпейді қайран тісім,Кәрілік асымды іш те тұр демейсің.Сүйіктісін сүйірлеп кесіп жейді,Дастарқандас табақтас болған кісіңКәрілік..
©  Шал Құлекеұлы
Кәріліктің дауасы туралы
Кәрілік - күлге аунаған қотыр бура,Кешегі жақсы қайда сөзі тура?Дауасын кәріліктің мен айтамын,Көрпені қалың сал да, майды тура.Шайдың көркі қант пен..
©  Шал Құлекеұлы
Арғымақ ат кімде жоқ
Арғымақ ат кімде жоқ,Міне алмасаң, атша жоқ,Ағайын туған кімде жоқ,Сыйласпасаң жатша жоқ.Бұқарада бар булама,Ташкентте бар сулама.Ел жаман шыға..
©  Шал Құлекеұлы
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің
Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің,Қойға пана болмайды тал дегенің.Жалаң аяқ, жалаң бас қой арқалап,Хан ата, қандай екен мал дегенің?Сыйлайды ханымыз деп..
©  Шал Құлекеұлы