Гүлтас құрманбай туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 43
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Әңгімелер жинағы: 2

ЕЛІГІМ
Табиғатта екі сұлу бар болса,
Бірі – елік, екіншісі – сен едің.
Елігімді өз жұртына жіберіп,
Қосағыңмен бақытты бол, дер едім.
©  Гүлтас Құрманбай
СЫРҒАЛЫМ
Сыңғырлаған сырғаңмен,
Жарасымды тұлғаңмен,
Қуантушы едің анаңды.
Айналайын, күйеужан,
Бір өзіңе тапсырдым,
Әлпештеген баламды.
©  Гүлтас Құрманбай
ЕРКЕМ
Ерке қызым, өмірімнің гүлісің,
Отбасымның күн шуағы, Күнісің.
Сен күлгенде сыңғырлаушы ед қоңырау,
Оңға бассын, құлыншағым, әр ісің!
©  Гүлтас Құрманбай
АҚ ҚҰСЫМ
Биіктерге самғаңдар,
Аласа жерге қонбаңдар.
Сезімдеріңді мәңгілік
Көз жанарларыңдай қорғаңдар!
 
©  Гүлтас Құрманбай