Саят əбенов туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 45
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 2

Ғашық
Бір жүрекке керек екен бір жүрек,
Тұра бермес үмітің де үлбіреп.
Ғашық болсаң өмір өзі көрсетер,
Кім Бекежан, кім Төлеген, кім Жібек.
©  Саят Әбенов
Намыс
Ұлт үшін жанын беріп алыспаған,
Адамдар қай кезде де алыс маған.
Құр ғана қу құлқынның құлы болған,
Намыссыз қазақ көрсем намыстанам!
©  Саят Әбенов