Саят әбенов өлеңдері туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 27
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1

Өкпелеме
Өкпелеме,сезілсе де салқыны,
Қу сынақтың бар жалғанда сан түрі.
Бұл өмірді жақсы көріп кетесің,
Бір адамды жақсы көру арқылы.
©  Саят Әбенов
Ананды бағала
Бар кезінде қадірлей біл,бағала,
Ол жан үшін барлық байлық садаға.
Сүйген адам сыйлықсыз да сүйеді,
Ең әуелі құрмет көрсет анаңа!
©  Саят Әбенов
Қыз
Әрбір қызды "Қыз Жібек" деп санама,
Сырт келбеті әдемі деп қарама.
Сұлу әйел табылады бірақта,
Жақсы келін табу қиын Анаңа!
©  Саят Әбенов
Өмір
Өмірдің өзі өлшеулі,
Түсірме бірақ еңсеңді.
Бүгінгі күнің кім білсін,
Күнің бе сенің ең соңғы.
©  Саят Әбенов
Жаз бітеді....
Жаз бітеді,тағы да күз келеді,
Күз де бітіп суытар мұз денені.
Мен біреуді іздедім,
Бірақ мені іздемеді...
©  Саят Әбенов
Ана
Патша бол мейлі басқа бол,
Анаңның орны асқақ ол.
Сүрінген сәтте ол құсап,
созбайды саған доста қол.
©  Саят Әбенов
Тоңымды шешіп алса...
Тоңымды шешіп алса шешіп алсын,
Басымды кесіп алса кесіп алсын.
Егерде бассыз қалсам, басы барлар
Махамбет екеумізді есіне алсын!
©  Саят Әбенов