Жігіттер туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 8
Ақын өлеңдері жинағы: 38
Қанатты сөздер жинағы: 3
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 3
Әңгімелер жинағы: 2

Болмасыншы қайғы-мұң
Отан қорғар ағалар, Болмасыншы қайғы-мұң. Ел тынышы сақталсын, Күлім қағып ай, күнің.
©  Отан қорғаушылар күні
Отан қорғаушы күнімен
Құттықтаймын ағалар, Отан қорғаушы күнімен. Жадырасын жаныңыз, Шаттық кетпей жүзіңнен.
©  Отан қорғаушылар күні
Отан қорғар ағалар құтты болсын
Отан қорғар ағалар құтты болсын, Мамырдың бұл жетісі мерекеңіз. Істеріңіз оңды боп, ден сау болып, Арта берсін ағалар берекеңіз.
©  Отан қорғаушылар күні
Мерекеңмен кеп жеткен
Айбыны асқақ ағалар, Мерекеңмен кеп жеткен. Отан қорғаушы күні бұл, Айналаны тербеткен.
©  Отан қорғаушылар күні
Сіздер елдің қорғаны
Тыныштықты сақтайтын, Сіздер елдің қорғаны. Отан қорғар ағалар, Аман болсаң болғаны... 
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларым айбынды
Ағаларым айбынды, Ел үшін қызмет ететін. Тыныштықты арқау қып, Мақсатына жететін. 
©  Отан қорғаушылар күні
Отанымыз Қазақстан
Отанымыз Қазақстан, Ұлан байтақ жеріміз. Отан қорғар ағалар, Нағыз батыл,  серіміз.
©  Отан қорғаушылар күні
Отанымыз,  еліміз
Отан қорғар жігіттер, Ағаларым ардақты. Отан үшін от басып, Қызмет етер жан-жақты.
©  Отан қорғаушылар күні