Ахмет байтұрсынов 150 жылдығы туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 3

Ғылымның ол патшасы
Ғылымның ол патшасы, Көзін ашқан қазақтың. Байтұрсынов Ахмет ол, Туғыздырған ғажап күн.
©  Жібек Ысқақова
Қайраткері қоғамның
Байтұрсынов Ахмет ол, Қайраткері қоғамның. Атыңызды құрметтеп, Еске алатын боламын.
©  Жібек Ысқақова
Байтұрсынов нар тұлға
Қазақ тілін көркейткен, Байтұрсынов нар тұлға. Ахмет атың өлмейді, Қазақ деген ел барда.
©  Жібек Ысқақова
Тіліміз бар әдебиет
Ахмет ата арқасы, Тіліміз бар, әдебиет. Еңбегі оның зор білем, Жайнап жатса мәдениет.
©  Жібек Ысқақова
Еңбегі оның елеулі
Еңбегі оның елеулі, Бізге мұра боп жеткен. Ол Ахмет атамыз, Әдебиетті тербеткен.
©  Жібек Ысқақова
Өлмейді аты, өшпейді
Өлмейді аты, өшпейді, Жүз елу жыл болса да. Байтұрсынов Ахмет ол, Мұңаймаған тоңса да.
©  Жібек Ысқақова
Қазақтыққа жол салған
Қазақтыққа жол салған, Ұстаздық қып еліне. Ол Ахмет атамыз, Қызмет еткен еліме.
©  Жібек Ысқақова