1 қыркүйек білім күні туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 20

Бақша біздің жанымыз
Бар жақсыны беретін, Бақша біздің жанымыз. Асыр салып ойнақтап, Би билейміз бәріміз.
©  Білім күні
Бақшаның біз үніміз
Шаттықты етер бақшаны, Бақшаның біз үніміз. Хош иісі аңқитын, Бақшаның біз гүліміз.
©  Білім күні
Жуын ұйықтар кезіңде
Тазалықты сақтайық, Тәрбиені ақтайық. Жуын ұйықтар кезіңде, Тазалыққа боп лайық.
©  Білім күні
Баламыз біз баламыз
Бақшамызға баратын, Баламыз біз баламыз. Сәби жүрек үндескен, Жақын біздің арамыз.
©  Білім күні
Ойыншықпен ойнаймын
Бақшаға мен барғанда, Ойыншықпен ойнаймын. Балалармен мен бірге, Ойнағанды қоймаймын.
©  Білім күні
Бақшада біз бәріміз
Бақшада біз бәріміз, Тазалықты сақтаймыз. Тілін алып апайдың, Тыныштықты сақтаймыз.
©  Білім күні
Біз ғажайып баламыз
Біз ғажайып баламыз, Бақшамызға барамыз. Ойын ойнап, би билеп, Жақын болар арамыз.
©  Білім күні
Бақша деген қандайды
Бақша деген қандайды, Бар жақсыны таңдайды. Үйретіп бәрін балаға, Тәрбиені жалғайды.
©  Білім күні
Бақшада біз ойнаймыз
Бақшада біз ойнаймыз, Балалармен жарысып. Жаңа келген бақшаға, Балалармен танысып.
©  Білім күні
Мен бақшаға барамын
Мен бақшаға барамын, Әсем әнге саламын. Биді билеп шаттана, Керегімді аламын.
©  Білім күні
Балабақша бұл жақсы
Балабақша бұл жақсы, Балаға көңіл бөлетін. Ойнатып ойын түрлерін, Бар мейрімін төгетін.
©  Білім күні
Мектеп алды бұл орын
Мектеп алды баратын, Балабақша қандайды. Балаларды ойнатып, Ең жақсыны таңдайды.
©  Білім күні
Балабақшаға
Балабақша бұл орын, Балалардың баратын. Ең алғаш сурет боялап, Қолға қалам алатын.
©  Білім күні
Білім күні ерекше
Білім күні ерекше, Көңіл-күйді сыйлайды. Оқушының барлығын, Бұл мектепке жинайды.
©  Білім күні
Бүгін білім күнінде
Шаттанайық, күлейік, Бүгін білім күнінде. Сабақты оқып жүрейік, Ерінбей біз күніге.
©  Білім күні
Мектеп біздің үйіміз
Мектеп біздің үйіміз, Бізге білім беретін. Ұстаз ана екінші, Бізді жақсы көретін.
©  Білім күні
Білімді болсын әр бала
Білімді болсын әр бала, Мектепте оқып сабағын. Жақсылыққа бастасын, Сәтті қып әрбір қадамын.
©  Білім күні
Жақсы оқысын әр бала
Мектепке биыл баратын, Жақсы оқысын әр бала. Қадамдары құтты боп, Бар әлемге жар сала.
©  Білім күні
Білім күні құтты болсын
Бірінші бүгін қыркүйек, Құтты болсын баршаға. Білім күні оу достар, Би билейік, ән сала.
©  Білім күні
Біз мектепке барамыз
Білім күні гүл алып, Біз мектепке барамыз. Ұстазмен қауышып, Әсем әнге саламыз.
©  Білім күні