Афоризм туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 4
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 1517
Әңгімелер жинағы: 1

Өмiр
Өмiр — ылғи жұпарлы жемiс гүл ме?Ой-жырасы болады тегiстiң де.Адал, мөлдiр қалпыңда қалу деген,Оңай емес құбылған жер үстiнде. 
©  Фариза Оңғарсынова
Қадiр
Күндi де бұлт қамайды мылқау бұл деп,Жерде де асылдарды құртар күндеп.Көп жабы көлденеңдеп көсiлгенмен,Қадiрiн серiктестiң тұлпар бiлмек. 
©  Фариза Оңғарсынова
Төбешік
Үй артында төбешікЕрттеулі тұрған ат болар.Қариясы кімнің бар болсаЖазулы тұрған xат болар. 
©  Бұқар жырау
Жетпіс бес жас
Жетпіс бес жасқа келгенде,Жылуы болмас қойныңның,Қаруы болмас сойылдың –Өлмесең де жойылдың. 
©  Бұқар жырау
Бүгін шын
Бұрын шын бар бүгін шын,Ертең шын бар үш бөлек.Керегі жоқ бұлардың,Бұзылмайтын шын керек. 
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы