Көл туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 29
Жұмбақтар жинағы: 11
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 155
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 4
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 9
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 2
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 3

БІЗДІҢ КӨЛ
Біз шомылар көл бұл,Айдыны дәл айна.Суы шықтай мөлдір,Құмы жылы, майда.Жаға толы гүлге,Тең келер көл қайда?Ұрланып кеп түндеШомылады Ай да.
©  Ертай Ашықбаев
КӨЛ МЕН АҚҚУ
Жаймашуақ жаздың жайлы кешінде,Көрген сурет көз алдымда, есімде.Шарасына симай жатты күміс көл,Құс төресін жүздірген соң төсінде.
©  Ақылбек Шаяхмет
Бақа
Көлдегі бір жәндік –Бақылдаған бақа.Айналасын ән қып,Жатады күн бата.
©  Абдрахман Асылбек
Көлдер
Көлдер көктен керемет,Қарасаң бір айнала.Жерге қойған шегелепҰқсайды алып айнаға.Көлдер көктен керемет,Таусылмайтын тамаша.Бейне құйттай..
©  Абдрахман Асылбек
Шабақтар
Көл бетінде шабақтарШолпылдайды, ойнайды.Дегендейін қарап қалҚара суды бойлайды.Қармақ салсам жар жақтанКүрмегіне құрт іліп,Жармасады..
©  Абдрахман Асылбек
Көлің қайда, туған елім?
Көлің қайда, туған елім?Шабақ болам титтей.Белің қайда, туған елім?Ойнақтайтын киіктей.Далаң қайда, туған елім?Жатайын да ойлайын.Бабам қайда, туған..
©  Мұқағали Мақатаев