Жыл санау туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️
Балаларға арналған тақпақтар: 8
Жыл санау - 7
Секіреді мәлінСекеңдейді лағың,Бегемот жүр билепҚолмен сүйеп жағын!
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 6
Тауық пенен тышқанАйдаһарды тыстан,Алып келді бигеБолмайық деп дұшпан!
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 5
Жылан шығып суданЖаңа жыл боп тұрған,Уайымдама, деді,Тарқамайды думан!
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 4
Жыланға кеп ұлуТыңда, деді, сұлу,Тапсырамын жылдыБолсын алға жүру!
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 3
Мешін бастап сауықты,Шақырады Тауықты,Иттен кейін Доңыз кеп,Бір мүшелді жауыпты!
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 2
Ұлу ілбіп өтеді,Жылан жылжып кетеді,Жылқы шауып болғасын,Қой маңырап жетеді.
© Баянғали Әлімжанов
Жыл санау
Тышқан айтты Сиырға: «Жыл басымын биыл да!»Барыс кетпей Қоян даЖүреді бір қиырда.
© Баянғали Әлімжанов