Сарбаздар туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 8

Күлім қақсын жүздерің
Мерейі асқақ ағалар, Арта берсін берекең. Келіп жеткен бүгінгі, Құтты болсын мерекең
©  Отан қорғаушылар күні
Бақытты бол ағалар
Отан қорғар ағалар, Құтты болсын мерекең. Бақытты бол ағалар. Артып әр күн берекең.
©  Отан қорғаушылар күні
Абыройың асқақтап
Құтты болсын ағалар, Мерекеңіз бүгінгі. Абыройың асқақтап, Сәтті өткіз әр күніңді.
©  Отан қорғаушылар күні
Елді қорғар ағалар
Істеріңіз оң болсын, Елді қорғар ағалар. Жан көп болсын патриот, Істеріңді бағалар.
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларым жүректі
Ағаларым жүректі, Елді қорғап жүретін. Қорғап елді жанымен, Ел қадірін білетін.
©  Отан қорғаушылар күні
Сіздер барда ағалар
Тыныш біздің еліміз, Сіздер барда ағалар. Отан қорғар жігіттер, Батыл жүрек саналар.
©  Отан қорғаушылар күні
Ағаларға мың алғыс
Елді қорғап жүретін, Ағаларға мың алғыс. Елін сүйер қашанда, Біз де сіздей боламыз.
©  Отан қорғаушылар күні