Көкөністер туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 11

Көкөністер
Көкөністер бәрі де,Денсаулыққа пайдалыМұны жатқа біліңдер,Оларды жақсы көріндер!
КАРТОП
Мен ұялшақ картоппынМен емеспін мақтанар.Мені жақсы көредіҮлкендер мен балалар!
ПИЯЗ
Боламын мен демеуіш,Барлық-барлық тағамға.Көкөністер ішіненМен пайдалы адамға!
ҚЫЗАНАҚ
Піскен кезде қызанақ,Көз тартар қызыл түсімен.Бар ма адам сүйсінбейТомат шырынын ішпеген?
СӘБІЗ
Кім бар сәбіз шырынынЖастайынан ішпеген?мені жеген адамдарКем болмайды күшке де!
ШАЛҚАН
Кім білмейді шалқанды?Талайлар маған таң қалды.Бәріне сый боламынТауып көр менен дарханды!
ҚИЯР
Дәмім тілді үйіргенМен түздалған күйімде!Жаңа піскен кезімдеЖейді бәрі сүйсіне!
ҚЫРЫҚҚАБАТ
Мақтанғаннан не пайда?Менсіз дәмді щи қайда?Мені қосса самсаға,Бәрі жейді тамсана!
ҚЫЗЫЛША
Ызыланған қызылша қып-қызыл болып қалыпты.Мен де бір сөз айтайын,Мақтанайын сіздерге.Менсіз борщ болмайдыВинегрет те үстелде.
БҰРШАҚ
Кішкене түймедеймін мен,Ұнаймын мен бәріне!Дәмді тағамдарымменСый жасаймын бәріңе!
КӨКӨНІСТЕР
 Жиналып қаппыз бәріміз,Қайсымыз ең дәмдіміз?Ішішмізден адамғаТиеді көп пайдамыз?