Жыл мезгілі туралы Балаларға арналған тақпақтар ✍️


Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 18
Ақын өлеңдері жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 7

Жаз
Жаз да келді жадырап,Құшағыма гүл шоқтарын сыйлаған.Аспанымда күнім шығып жайнаған,Жерімізді жасыл кілем бойлаған.
©  Жанадилова Айнагүл
Көктем
Көктем келді құлпырып,Арықтардан су ақты.Мал төлдеді мыңғырып,Бәйшешектер гүл ашты.Жан – жануар оянып,Бақта бұлбұл сайрайды.Жасылға талдар..
©  Жанадилова Айнагүл
Қыс көрікті
Жауған аппақ қарымен,Қыс көрікті –Аяз қысқан кәрімен.Қыс көрікті –Аққала мен сырғанақ,Қыс көрікті –Күміс қылау сәнімен.Жапалақтап,Жауған аппақҚарда..
©  Егеухан Мұқамәдиқызы
Күз
 Қарашы күз келді, күз келдіЖапырақ жауыпты іздерді.Құс біткен керуен тізеді,Қара бұлт қабағын түйеді.
Күз
 Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан – алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.
Жаз
Mәz boldi balakai,Zhaz keldi, Alakai!Kun uzak kyidirdi,Tun az-ak kidirdi.Zhaidari keldi zhaz.Kolderde zhuzdi kaz. 
Алтын күз
Alakai, Alakai! - Shattandi balakai.Zhez tusti.Kuz tusti.Bereke - salti kuz.Mereke - altin kuz!!!
Жыл мезгілдері
Alakai, Alakai! - Kuandi balakai.Kuz audы,Kar Zhaudi.Kus ketti,Kыs kepti.Dala, kыr kytedi,Zhana zhil zhetedi!!!
Жаз
Жаз келіпті дегенше,Жайлау бардық дегейсің.Жайлаудағы ендеше.Қой-қозылар көбейсін.
Жаз келді
Жаз жайдары,алақай!Жатыр жайнап даламыз.Жүр, қанекей, балақай,Шомылуға барамыз.
Күз
Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан – алуан жапырақ.Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап.
Көктем
Көктем келді шуақты,Балаларды қуантты.Алақай-ау, алақай!Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.Дала гүлге толыпты,Аққу көлге қоныпты.Алақай-ау..
Қыс
 Аяз салды өрнегін,Терезенің көзіне.Бұндай өрнек көрмедім,Шебер екен өзі де.
Күз
 Күз келіп айнала,Сарыға боялған.Ұйқыға кетеді,Тіршілік оянған.
Жаз
Жаз келді жадырап,Ойнаймыз, шомылып.Жүгіріп, жадырап,Өсеміз толығып.
Көктем
Балауса көкпеңбек,Көктем бұл шырайлы.Күн шуақ көктен кеп,Төккені ұнайды.
Жаз
Жаз келді алақай,Ойнаймыз далаға-ай.Қамалып отырмайЖүріңдер, балақай.
©  Сейтмағанбетова Жұпар
Көктемде
Бүршік жарып ағаштарҚұстар ұя салады.Сылдыраған бұлақтарАғып бара жатады.
©  Сейтмағанбетова Жұпар