meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жыл санау - 5
Жылан шығып суданЖаңа жыл боп тұрған,Уайымдама, деді,Тарқамайды думан!
©  Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 4
Жыланға кеп ұлуТыңда, деді, сұлу,Тапсырамын жылдыБолсын алға жүру!
©  Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 3
Мешін бастап сауықты,Шақырады Тауықты,Иттен кейін Доңыз кеп,Бір мүшелді жауыпты!
©  Баянғали Әлімжанов
Жыл санау - 2
Ұлу ілбіп өтеді,Жылан жылжып кетеді,Жылқы шауып болғасын,Қой маңырап жетеді.
©  Баянғали Әлімжанов
Жыл санау
 Тышқан айтты Сиырға:  «Жыл басымын биыл да!»Барыс кетпей Қоян даЖүреді бір қиырда.
©  Баянғали Әлімжанов
Піл
Таудай үлкен піл дегенЖалпылдайды құлағы,Тұмсығымен ағаштыКөтеріп ап тұрады!
©  Баянғали Әлімжанов
Жираф
Қонақ қылып жирафтыМаймыл үйде сыйлапты,Мойнын созып қалғандаЖираф үйді қиратты!
©  Баянғали Әлімжанов
Арыстан
Ұйқысынан ояныпАқырғанда арыстан,Жан-жануар қашадыЖасырынып алыстан
©  Баянғали Әлімжанов
Кит
Кит деген бір кереметКөк мұхиттың көркемі,Жан-жануар, балықтыңБәрінен де үлкені!
©  Баянғали Әлімжанов
Ақ аю
Мұзды мұхит үстіндеАқ аю қол бұлғайды,Тоны қалың, майы көпОл аязда тоңбайды!
©  Баянғали Әлімжанов
Морж
Азулары найзадайМорж мұзды ояды,Тіл алмаса баласынТіспен түртіп қояды!
©  Баянғали Әлімжанов
Қоян
Аппақ қоян, ақ қоян,Сондай қорқақ,сақ қоян,Біздің үйге тығылсаңСандығыма сап қоям!
©  Баянғали Әлімжанов
Түлкі
Айласынан түлкініңАлданса да қанша адам,Ақылы бар баламынАлданбаймын мен саған!
©  Баянғали Әлімжанов
Қасқыр
Қасқыр түнде ыр-р етсеЕл шошиды ертеден,Мылтығы бар әкемніңҚорықпаймын мен сенен!
©  Баянғали Әлімжанов
Жолбарыс
Жолақ-жолақ терісіАзу тісі қылыштай,Жортып шықса жолбарысБұғады аңдар бұрышқа!
©  Баянғали Әлімжанов
Аю
Аю қыстай үңгірдеСорады май табанын,Жазда бал жеп, ешкімгеТигізбейді залалын!
©  Баянғали Әлімжанов
Барыс
Барыс қарда сырғанапТау аралап жүреді,Тасқа жатса,тоңбайдыҚыстың жайын біледі!
©  Баянғали Әлімжанов
Кенгуру
Немересін атасыМінгізеді арқаға,Мінгізеді арқаға,Баласын сап қалтаға!
©  Баянғали Әлімжанов
Динозавр
Таудай үлкен, күші көп,Қандай ұзын десек те,Динозавр қазақшаҚорқынышты кесертке!
©  Баянғали Әлімжанов
Тауық
Күні бойы қыт-қыттапКөң тырнаған тауықпын,Балақандар жесін депКөп жұмыртқа тауыппын!
©  Баянғали Әлімжанов
Үйрек
Үйге қусаң үйректіБалпаң-балпаң басады,Кірмеймін деп қорағаСайға қарай қашады!
©  Баянғали Әлімжанов
Тауық пен торғай
Балапанын ертіп,Тауық шықты жолға,Секектеген торғайТүсіп қапты торға.Тауық торды үздіТұмсығымен түртіп,Торғай ұшып кеттіӨз-өзінен үркіп!Шыр айналып..
©  Баянғали Әлімжанов
Қаз
Қаз қанатын сабалапКөлдің суын шашады,Қаңқылдаған дауысыАлты қырдан асады!
©  Баянғали Әлімжанов
Мысық
Жылы жерде, сүйеміз,Бырылдап көз қысқанды,Жолатпаймыз бірақ-таҮйімізге тышқанды.
©  Баянғали Әлімжанов
Есек
Су тасыған балаларЖүк артады есекке,Бірақ неге сол есекКірмейді мал-есепке?
©  Баянғали Әлімжанов